Кітап басып шығару технологиясы мен кітап дизайнының дамуы

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/HJ.2020.v55.i1.15

Кілт сөздер:

кітап, полиграфия, дизайн, кітап басып шығару құрылғысы, ою-өрнек, Konіса Mіnoltа.

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты кітаптың дамуын зерттеп қана қоймай, кітап безендірілуіндегі ою-өрнектердің қолданылуының пайда болуы және кітап басып шығару станоктарының технологиясын зерттеу. Кітап ең алғаш қыш текшелер мен қамысқа (папирус) жазылған. Кітап

– мерзімсіз басылым. Еуропада XV ғасырға дейін кітаптарды мыңдаған дін мұғалімдері қолмен жазған. Олардың көбісі монахтар болды. Кітаптар қолмен жазылғандықтан ұзақ уақытты алды, сол себептен кітаптар оқырмандарға жетіспейтін болған. Оларды өндірудің қарапайым және арзан әдісі қажет болды. Бұл әдісті неміс өнер тапқышы Иоганн Гутенберг ойлап тапқан. Шығыс елінде де бұл әдіс дамыған. Неміс өнер тапқышы кітап басып шығару станогының әріптерін темірден жасаса, ал қытайлықтар бұл әдісті ағаштан жасаған. Осындай әдіспен кітапты басып шығарған кезде, оны безендіру кезіндегі ою-өрнектер қолмен салынған. Қазіргі компьютерлік техниканың дамыған кезінде кітапты безендіру және ою-өрнекпен көркемдеу бірден электрондық түрде жасалады. Кітап басып шығару (грек тілінен аударғанда – [κνίζνυΐ] – του βιβλίου σφραγίδα – көп жазылым) – бұл бір мәтіннің немесе суреттің көп мөлшерде көбеюі. Әлемде әртүрлі тілдерге және диалектілерге бейімделген шамамен 8000 әліпби және олардың нұсқалары бар. Ең көп таралған латын негізіндегі алфавиттер болып саналады.

Зерттеу жұмысының методикалық әдістері кітап басып шығарумен қатар, кітап дизайнындағы ою-өрнектердің үйлесімділігін қарастыру. Кітап дизайнын жасап қана қоймай, кітапты басып шығару кезінде қандай қағаз түрлері қолданылатынын қарастыру. ХХІ ғасырдың кітап басып шығару техникасының дамығын уақытында кітаптарды әртүрлі қағаз түрлерімен басып шығаруға болады. Мысалы, қазіргі таңда біраз баспалар мен баспа үйлеріндегі кітап басып шығару машиналарын салыстыра отырып, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеу және әр елдің кітап басып шығару әдіс-тәсілдерін қарастыру. Сонымен қатар Konіса Mіnoltа сандық машинасы мен офсеттік машиналарының айырмашылықтары мен типографияда қолданылуы. Сандық машиналар кітаптың тиражын аз көлемде шығарса, офсеттік машиналар кітаптың  тиражын 1000-нан аса көлемде шығарады.

Зерттеу жұмысының құндылығы қазақ елінің ою-өрнегі мен шығыс елдерінің ою-өрнектерін кітап дизайнында үйлесімділікпен безендіру. Кітап дизайнын заманауи үлгіде жасап шығару.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-03-26

Журналдың саны

Бөлім

Ақпарат әлемі