Посткеңестік қоғамдағы сәйкестендірудің пәнаралық перспективалары

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/HJ.2020.v56.i2.01

Кілт сөздер:

түріктер, кельттер, Ирландия, әл-Фараби, салыстырмалы зерттеулер.

Аңдатпа

Мақала КСРО-да «көшпелі» деп аталған халықтардың, мысалы қазақтардың, өткеннің «ақ парақтарын» қайта жандандыру қажеттілігіне тап болған кездегі кеңестік дәуірден кейінгі ақпараттық кеңістіктегі ұлттық бірегейліктің өзекті мәселесіне арналған.

Зерттеудің мақсаты – Еуразиядағы прото-тілдерге және прото-көші-қон процестеріне бет бұрудың пәнаралық әдістерге негізделгендігінде, оларды мекендейтін өңірлер мен халықтардың жалпы дамуын анықтау.

Зерттеудің ерекшелігі – әлеуметтік құрылымдарда Ұлы даладағы ежелгі түріктердің және Ирландиядағы кельттердің тілі мен мәдениетіндегі ұқсастығын табу болып табылады. Философиялық­ көзқарас еуропалық ғалымдар-фарабиологтар мен шығыстанушылардың ертеректегі еңбектерінде­ кездескен екеуінің дамуындағы параллельдердің түсіндірілуіне мүмкіндік берді.

Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы туралы авторлар 2020 жылдың наурыз айында Халықаралық ғылыми семинарда баяндамалар жасады. Бастапқы нәтижелерді әлеуметтік және гуманитарлық мамандарды даярлау үшін университеттерде оқыту тәжірибесінде қолдану ұсынылады.

Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен қорытындыларын қысқаша сипаттауға болады, олар тарихи-философиялық тұрғыдан аз зерттелген әлеуметтік және этномәдени құбылыстарды анықтау ретінде сипатталуы мүмкін.

Зерттеудің құндылығын осы ғылыми жұмыстың түркологияға қосқан ерекше үлесі және жалпы адамзат тарихы мен жаппай қоныс аударуды философиялық түсіну ретінде сипаттауға болады. Жұмыс нәтижелерінің практикалық маңыздылығы түркі халықтарының ерекшелігіне сәйкес осы дерек көздерін жүйелеу мақсатында пәнаралық жобаларды кеңейту болып табылады.

Жарияланды

2020-05-28

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА