Студенттердің зерттеу жұмысында статистика әдісін қолдануы
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/HJ.2020.v56.i2.07Кілт сөздер:
статистикалық әдіс, мәліметтерді өңдеу, статистикалық зерттеулер; студенттік оқу; статистикалық мәліметтерді өңдеу.Аңдатпа
Тақырыптың өзектілігі ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындауда тәжірибелік мәліметтерді статистикалық өңдеуге деген сұранысқа байланысты. Студенттер көбінесе үлкен көлемді деректерді талдауда қиындық көреді. Бірақ деректерді практикалық мақсатта талдау үшін математикалық формулаларды, ықтималдықтар теориясын немесе математикалық анализді еркін меңгерудің қажеті жоқ. Жұмыс кезінде қолданылатын математиканың мәніне терең үңілмей-ақ қолдануға болатын түрлі бағдарламалар бар.
Мақаланың мақсаты - ақпаратты статистикалық өңдеу әдістерін, студенттердің ғылыми жұмыстарында мәліметтерді қолданудың негізгі бағыттарын ұсыну. Мақала авторлары статистика саласындағы зерттеулердің түрлерін ұсынады, олардың әрқайсысына мысалдар келтіреді. Олар деректердің қайдан алынғанын, оларды қалай қабылдайтынын, деректерді қалай іздейтінін, деректерді қалай өңдеуді және нәтижелермен қалай дұрыс жұмыс істеуді қарастырады. Ғылыми зерттеудің негізгі бағыты - дағдыларды сипаттау, үлгіні құру процесі, қолданбалы бағдарламалық жасақтама және алгоритмдік құралдар, мәліметтерді өңдеудің әртүрлі бағдарламаларын қолдану мүмкіндігі.
Зерттеу әдістемесі ғылыми платформасы бар, объективтілік, нақтылық принциптеріне негізделген отандық және шетелдік зерттеушілердің тұжырымдамаларына негізделген. Бұл жұмыстың құндылығы студенттердің зерттеу барысында осы статистикалық әдістерді қолдануды, зерттеу әдістемесін жасауды, деректерді өңдеуді және түсіндіруді, нәтижелерді дұрыс пайдалануды үйренеді.

