ХІХ ғасырдың екінші жартысында және ХХ ғасырдың аяғында Қазақстанның орыс тілді газеттерінде анықталған қазақ лексикалық элементтердің семантикалық бейімделуі және эволюциясы
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/HJ.2020.v56.i2.08Кілт сөздер:
коннотация, семантика, қазақ, газет, сөздік, тілдік байланысАңдатпа
Мақалада XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың аяғындағы орыс тілді газеттерде қазақ тілінен енген сөздер сарапталады. Мақалада сол кезеңдегі газет бетінде жарық көрген қазақ тілінен енген сөздер кеңінен қолданылған материалдарға талдау жасалған. Тіл фактілерін қарастыру кезінде қазіргі лингвистикалық зерттеулер арнасында, яғни салғастырма, функционалды лингвистика және лингвомәдениеттаным ілімдері талаптарына сай орындалды.
Зерттеудің мақсаты - XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың аяғындағы орыс тілді газеттердегі қазақ тілінен енген сөздердің пайда болуы, даму және жұмыс істеу механизмін анықтау.
Зерттеу жұмысының өзектілігі бірнеше факторлармен айқындалады: Біріншіден, XIX ғасырдың екінші жартысындағы орыс тілді газеттерде кездесетін қазақ тілінен кірген сөздер мен қазіргі орысша газеттердегі қазақ лексикасын салғастыру, олардың орыс және қазақ, тілі сөздіктеріндегі мағыналарын түсіндіру қазақ сөздерінің мағыналық жағынан даму бағыты мен қарқынын байқауға, сондай-ақ жаңа лексемалардың пайда болуы, көне сездердің жаңа мағынаға ие болуы, жаңа сөз тудыру модельдері мен функционалдық-стилистикалық, өзгерістердің орын алуын аңдауға мүмкіндік береді.
Нәтижеде екі тарихи кезеңдегі қазақ тілінен енген сөздерді салыстырмалы талдау нәтижелері өзара әрекеттесу процесінің белгілі бір объективті мәні бар лексикалық бірліктерден мәдени сипаттағы өзара әрекеттесу бірегейлігіне көшу сияқты даму үрдісін анықтауға мүмкіндік берді; қазақ тілінен енген сөздердің дамуында уақыттың азаюы; қазақ тілді сөздердің газет мәтініндеріндегі қызметінінің өзгерісі; өзара әрекеттесу тәсілдерінің өзгеруі.
Қорытындылай келе, зерттеу негізінде келесі тұжырымдар жасалады: - ауызекі сөйлеу тілі арқылы пайда болған қазақ лексикасының дамуы олардың айтылуын көрсететін жазбаша бекітуден басталды. Орыс лексика-семантикалық жүйесі олардың семантикалық көлемін сақтап қалды, дегенмен мағыналардың семантикалық бейімделуіне түзетулер енгізді; - қазіргі газеттердің тілі терең семантикалық және стилистикалық өзгерістерге ұшырайды, - жүргізілген ғылыми зерттеулер психологиядағы, ұлттық ерекшелігіндегі, тілдердің өмір сүруінің объективті жағдайындағы көріністердің бірі болып табылатын қазақшылдықтың орыс тілін игеру механизмінде де, өзара әрекеттесу құрылымында да, олардың қызметтерінде де үлкен өзгерістердің болуын көрсетеді.

