Цифрлық медиаталғам: әлеуметтік зерттеулер фокусында
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/HJ.2020.v56.i2.09Кілт сөздер:
«Хабар» арнасы, БАҚ аудиториясы, ақпарат көздері, медиатұтыну, медиаталғам, әлеуметтік зерттеулер, әлеуметтік желілер.Аңдатпа
Мақалада цифрлық дәуірдегі дүниетанымдық көзқарастар контексінде Қазақстан тұрғындарының, атап айтқанда «Хабар» арнасы көрермендерінің медиатұтыну ерекшеліктерін айқындауға арналған зерттеу нәтижелері қарастырылды.
Зерттеу мақсаты - Қазақстан тұрғындарының цифрлық технологияларды қолдану ерекшеліктері мен медиаталғамын, сондай-ақ медиа тұтынушының заманауи қажеттіліктерін анықтауға бағытталды.
Эмпирикалық зерттеулердің негізгі міндеттеріне коммуникацияның басты техникалық құралдарына қолжетімді механизмдері мен ақпараттың цифрлық арналарын және цифрлық деректерді белсенді қолданушылардың медиаталғамын айқындау жатады.
Цифрлық дәуірдің дамуы мен модернизациясы фокусында Қазақстанның ересек тұрғындарының, соның ішінде «Хабар» арнасы телекөрермендерінің медиаталғамын айқындау аталмыш эмпирикалық зерттеулердің практикалық және ғылыми маңызын айқындайды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының аудиторияға ықпалын зерттеуде негізгі коммуникация техникалық құралдарына қолжетімдіктен бастап, түрлі ақпарат көздеріне сенімділік деңгейі, ақпараттық тақырыптарды таңдау сарындары, түрлі дереккөздерін белсенді қолдану амалдарын қарастыру, әлеуметтік желілелерді таңдау мен белсенділігі зерттеу жұмысының басты міндеттері саналды. Әлеуметтік зерттеудің «Хабар» агенттігінің қоғамдық даму стратегиясын анықтаудағы орнын айқындау жұмыстың ғылыми және қолданбалы маңызы саналады.
Зерттеу жұмысында қолданбалы әлеуметтік зерттеу әдістері қолданылды. Жұмыстың методологиялық негіздеріне сандық және сапалық зерттеулер, атап айтқанда, тұрғындар арасындағы бұқаралық сауалнама, фокус-топтық талдаулар жатады. Сауалнамада демографиялық, гендерлік, жас, этникалық және әкімшілік ерекшеліктеріне қатысты анкеталық, фокус-топтық зерттеулер жүргізілді.
Зерттеу жұмысының нәтижелері көрсеткендей, қазақстандық аудиторияның цифрлық арналарды қолдану ақпаратты пайдалану және медиа талғамы тұрғысынан сегментациясын көрсетті. Елдегі барлық өңірлерді телевизиялық байланысқа қолжетімдік деңгейі бойынша екіге бөлуге болады: ауылдық мекендерде телевизиялық байланыстың басым байқалатын тобы және урбанизация деңгейі жоғары топ. Талдау нәтижелері көрсеткендей, цифрлық телевизия барлық облыстарға енгізілген, мобильді Интернет сымды Интернетпен бәсекелес дамуда.
Зерттеу жұмысының нәтижелері БАҚ аудиториясын және әлеуметтік журналистика мәселелерін зерттеуде практикалық маңызды. Зерттеу жұмысының нәтижелері көрсеткендей, медиаталғамына, ақпаратқа қолжетімдік және қоғамдық көзқарастарына қатысты бұқаралық ақпарат көздерін пайдалану рейтингісі және сенімділік деңгейі ерекшеленетіні дәлелдеді.
Нәтижесінде, респонденттер қосымша ақпарат көздерін іздеу мақсатында үш арнаны қолданады: телевизия, бейресми арналар және интернет-қорлары. Әзірге тек телевизияның мүмкіндігі арқылы қолжетімді формалды ақпараттың дәстүрі сақталуда. Дегенмен бұл қағидаларға жастар тобы батыл өзгеріс енгізуде. Ақпарат қорлары ретінде жаңа бұқаралық ақпарат құралдарына – мессенжерлер, әлеуметтік желілер мен Интернет-сайттарға ерекше көп көңіл бөліне бастады. Зерттеу нәтижелерін медиамаркетинг және цифрлық бизнес бойынша қолданбалы жұмыстарға пайдалануға болады.
