Медиа және халықаралық терроризм: коммуникациялық аспект

Авторлар

  • Ашенова С.В. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Велитченко С.Н.

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/HJ.2020.v56.i2.10

Кілт сөздер:

коммуникациялық технологиялар, халықаралық терроризм, бұқаралық коммуникация, БАҚ, қоғам, ақпараттық технологиялар.

Аңдатпа

Соңғы онжылдықтарда, жаһандық проблемалар артып келе жатқан әлемде, көбінесе өте үлкен мөлшердегі террористік актілер сияқты құбылыстардың кездесуі жиілей бастады. Бұл құбылысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау ақпараттық нарықтағы ғаламдық тенденцияға айналды, сонымен бірге коммуникациялық процестерді зерттеудің өзіндік тәсілдерін талап ететін коммуникацияның нақты мәселелерін көтерді. Себебі бұқаралық ақпарат құралдарында бұл әрекеттерді жариялау ғана емес, террористер қоғам мен барлық мемлекеттердің назарын өзіне аудару үшін қолдануда. Ғаламтордың дамуы террористерді өздерінің көзқарастарын насихаттайтын және пікірлестерді жұмылдыру үшін өте күшті құралмен байытты. Ғаламтор-ресурстарда жарияланған экстремистік материалдар бұл көздерді бұғаттау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, кең аудиторияға қол жетімді бола бастады. Ғаламтордағы көптеген видео, аудио жазбалар және экстремистік мазмұндағы мәтіндер террористердің әрекетін насихаттайды.

  Мақаланың мақсаты – терроризм құбылысының қоғамға деструктивті әсер ететін нысаны ретінде қарастырып, коммуникациялық тенденцияларымен қарым-қатынасын талдау түрінде байланысын зерттеу.

Ғылыми маңызы – террористік актілерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, олардың осы әрекеттерді бағалаудағы рөлі тек ақпараттық нарықтың болмысымен ғана емес, сонымен бірге тұрақты талдауды қажет ететін субъективті себептермен де анықталады. Зерттеу әдіснамасы материалдарды зерттеудегі жүйелік тәсілдер, таңдау және талдау әдістерін қамтиды. Зерттеу нәтижесі ұсынылған қорытындыларда көрсетіледі, оның ішінде коммуникацияның тактикасын қамтитын терроризмнің ақпараттық компоненті қарастырылады және анықталады. Сонымен қатар заманауи технологиялардың мүмкіндіктері анықталды, олар ақпараттық қару ретінде ғана емес, сонымен бірге қоғамға әсерін арттыру құралы ретінде қарастырылды. Мұның бәрі зерттеудің ғылыми құндылығын анықтайды.

  Тәжірибелік мәні  – зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы оқу процесіне енгізілуі мүмкін және журналистика саласындағы студенттерге де, қоғаммен байланыс және саясаттану мамандықтарының студенттеріне де қызығушылық тудырады. Бұған қоса, деструктивті ағымдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша арнайы курстарда қолдануға болады.

Жарияланды

2020-05-29

Журналдың саны

Бөлім

Ақпарат әлемі