Орaп-қaптaу: өзектілігі мен дaму тенденциясы

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/HJ.2020.v56.i2.14

Кілт сөздер:

орап-қаптау, баспа ісі, баспа өнімдері, безендіру, 3D басу әдісі.

Аңдатпа

Қоғамның осы даму кезеңінде, орап-қаптау үдерісін тұтыну кеңістігін қалыптастыру, өндіруші, сатушы және тұтынушы арасындағы коммуникация нысаны ретінде қабылданады. Полиграфиялық орап-қаптау үдерісінің тарихы үшінші ғасырдан бастау алады. Орап-қаптау қазіргі заманғы маркетинг саласына енген графикалық дизайн нысаны ретінде тек екінші жүз жылдықты құрайды. Бұл үдерісте АҚШ, Германия, Жапония, Ресей көш бастап тұр. Ұзақ жылғы тарихқа қарамастан отандық орап-қаптау үдерісі жеткілікті зерттелмеген. Оның көркемдік компоненті дизайнерлік дайындық кезеңінде зерттеушілердің назарынан тыс қалды.

Бұл мақаланың тақырыбы орап-қаптау үдерісі және оның материалдары саласындағы заманауи даму тенденциясына арналған. Авторлар 3Д басу әдісі сынды заманауи технологияларды қолдану арқылы, Қазақстандағы орап-қаптау үдерісін жақсартуға болатындығын жан-жақты қарастырып, теория жүзінде дәлелдейді. Сонымен қатар, шетелдік және отандық орап-қаптау үдерісіне салыстырмалы талдау жүргізеді, отандық бұйымдарды орап-қаптау халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтіні мен орап-қаптаудың қорғаныштық, эстетикалық, тұтынушылық, экологиялық қасиеттерінде елеулі кемшіліктер бар екенін деректерге сүйене отырып көрсетеді.

Мақаланың мақсаты – заманауи орап-қаптау үдерісінің тәжірибесі мен даму тенденцияларын, сондай-ақ оның маркетингтік жағдайында қызмет ету ерекшеліктерімен байланысты мәселелерді зерттеу. Мақалада орап-қаптау үдерісінің өзектілігі мен сипаттамалары талданады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы – авторлар шетелдегі орап-қаптау үдерісінің даму тенденциясын талдау арқылы, Қазақстандағы орап-қаптау үдерісіне жаңа практикалық тәсілдерді енгізу жолдарын анықтауында болып табылады.

Мақалада осы тақырып бойынша материалдарға шолу жасалды, И.С.Стефанов, Н.Н.Полиянский, К.Е. Петров, В.П. Ситников, Ж Базилов, Ш.Елеукенов, Б.Омарова сынды белгілі шетелдік және отандық ғалымдардың мақалалары мен ғылыми еңбектері зерттелді.

Бұл зерттеу – жоғары оқу орындарының оқытушылары мен полиграфия мамандары үшін және өнімдерді жылжытудың тиімді құралы ретінде, студенттер мен жас ғалымдар үшін өте өзекті болып табылады.

Жарияланды

2020-05-29

Журналдың саны

Бөлім

Ақпарат әлемі