АҚШ, Ресей және Қазақстан әлеуметтік жарнамасының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырмалы талдау
Кілт сөздер:
әлеуметтік жарнама, Қазақстан, Ресей, АҚШ, кон- тент-анализ, салыстырмалы талдау, мақсатты аудитория, мәдени айырмашылық.Аңдатпа
Зерттеудің басты мақсаты — АҚШ, Ресей және Қазақстан әлеу- меттік жарнамасының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын са- лыстырмалы түрде талдау. Әр мемлекеттің әлеуметтік жарнамада қолданатын тәсілдері талданды. Зерттеу нәтижесі бойынша барлық мемлекеттер әлеуметтік жарнама жасауда қолданатын тәсілдер ұқ- сас екені анықталды. Алайда, әлеуметтік жарнаманың тақырыбы, мақсатты аудиториясы және визуалды тілді қолдану әдісінде айыр- машылықтар байқалды. Бұл әр мемлекеттің мәдени ерекшелігінің әлеуметтік жарнамада рөлі зор екенін аңғартып отыр.
