Журналистерді ағылшын тілінде оқытудағы case study тәсілінің рөлі
Кілт сөздер:
кейс әдісі, шешім, таңдау, шешу, жағдай, нәтижелерАңдатпа
Мақалада заманауи әдістердің бірі кейс әдісі, яғни белгілі бір мә- селені оңтайлы шешу мәселелері сөз болады. Кейс – әдісі арқылы журналист мамандығын таңдаған студенттерді білім алуға, оқуға қы- зықтыра отырып болашақ маман ретінде тұлғаның дамуын қалыптас- тыруға болады. Кейс әдісі – нарықтық экономикада және әлеуметтік жағдайларды суреттеу арқылы, оқу барысында қолданылатын оқыту техникасы. Жағдай (кейс) деп – ұжымдағы, қоғамдағы қандай да бір нақты шынайы жағдайдың жазбаша берілуін айтамыз. Мысалы, ағыл- шын тілінде сұхбат беру, кәсіпорынның құрылуы, оның дамуы, биз- нестегі табыстары мен қиыншылықтары, т.б. Білім алушылар ұсыныл- ған жағдайды талдап, мәселенің маңызын түсіндіріп, шешу жолдарын көрсетуді және олардың ішінен ең тиімдісін таңдап алулары тиіс.
