Кеңестік жүйенің соңғы кезеңінде Қазақстан баспасөзінде ұлттық идентификация мәселелерінің көрініс табуы
Кілт сөздер:
идеологиялық тоқырау, ұлттық мәселе, Алматы оқиғасы, қайшылықты процесс, интернационалдық тәрбие, қазақ баспасөзі.Аңдатпа
КСРО дәуірінің соңғы кезеңі әлеуметтік және экономикалық проблемаларының одан әрі қордалана түсуімен сипатталады, бұл оның құрамындағы халықтардың ұлттық мәселелерінің шиеленісе түсуіне әкеліп соқты. Экономикалық даму қарқынының құлдырауы мен қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздік партияны идеологиялық то- қырауға алып келді, мұның бәрі елдің тығырыққа тірелгенін көрсет- ті. Бұл, ең алдымен, ұлттық және ұлтаралық қатынастар саласында белең ала бастады. Осы тұрғыдан келгенде республиканың өзекті проблемаларымен қатар отандық журналистиканың айналу механи- зімін зерттеу айрықша маңызға ие.
