Қазақ дастандарындағы мифологиялық ұғым-түсініктерден туған бейнелер
Кілт сөздер:
эпос, мифология, сюжет, деталь, фантастика, дас- тан, жанр, мотив, образ, кейіпкер, тотем, ертегі.Аңдатпа
Мақалада автор қазақ қисса-дастандарының сюжеттік желісін- дегі ертегілік сарындардың қызметіне тоқтала отырып, мифология- лық ұғымдар негізінде туған бейнелер болмысына назар аударады. Автор мифологиялық кейіпкерлердің шығарма желісіндегі орны мен қызметіне, шығу тегіне, портреті мен амал-әрекеттеріне, олардың ежелгі халықтардың таным-түсінігімен байланысына ерекше көңіл бөлген. Мақалада халықаралық ықпалдастықтың жемісі саналатын сюжеттердің дәстүрлі ұлттық сарындармен байланысы туралы да пі- кірлер кездеседі.
