Қазақстандағы мүгедектермен әлеуметтік жұмыс
Кілт сөздер:
мүмкіндігі шектеулі жандар, декларация, пандус, аурухана, емделуші.Аңдатпа
Қазақстан тәуелсіздік алған уақыттан бері мемлекеттік саясатта мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көмек жүйесі құрылуына айы- рықша көңіл бөлініп келеді. Бұл Қазақстан Республикасының мүге- дектерге қатысты ұлттық саясат нормативтік құқықтық актілері мен тұжырымдамаларында өз көрінісін тапты. Мемлекеттің міндеті мұн- дай азаматтарға басқа азаматтармен тең дәрежеде болатын лайықты өмірмен қамтамасыз ету болып табылады. Мақалада автор мүгедек- тердің моральды-психологиялық жағдайы және олардың құқықта- рына қатысты халықаралық декларацияларды талдай отырып, өмір сүруге қатысты құқықтық жағынан қамтамасыз етілуін сөз етеді. Ма- қалада мемлекеттік емес ұйымдардың мүмкіндігі шектеулі жандар- дың мәселелерін шешуде атқарған іс-әрекеттері көрсетіледі.

