Телевизиядағы авторлық бағдарламалардың әдеби құрылымдық түсініктемесіндегі заманауи әдістер
Кілт сөздер:
телевизиялық журналистика, сценарий, сценарист, автор, режиссер, жүйе, бағдарлама.Аңдатпа
Мақалада телевизиялық бағдарламалардың әдеби негізін қа- лаудағы ерекшеліктер, оның түрлері мен жүйесі, сондай-ақ автор мен режиссердің бірлесіп жұмыс жасауының ерекшеліктері қарас- тырылады. «Телевизиялық сценарий» теоретикалық түсініктемесіне, сондай-ақ бағдарлама авторларының шығармашылығын экранда жү- зеге асыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Авторлар қазақстандық бағдарламалармен қатар Ресей телеарналарының бағдарламаларын да қарастырады. Қандай да бір бағдарламаның сапалы әдеби негізін ашу басты бағыт болып табылады.

