Қазіргі конвергенттік және жаңа медиа технологиялардың дәстүрлі БАҚ үдерістеріне әсері
Кілт сөздер:
мультимедиа, медиакеңістік, конвергенция, БАҚ, дәстүрлі БАҚ.Аңдатпа
Мақалада бүгінгі заман талабына сай туындап отырған журналис тикадағы жаңа медиатехнологиялардың дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына әсері талданады. Себебі, жаңа технологиялық мүмкін діктер ойлаудың дәстүрлі жүйесін белгілі бір деңгейде өзгеріске ұшыратып, БАҚ стратегиясына өзіндік ықпалын жүргізіп отыр. Ма қалада оған қандай құралдар арқылы қалай әсер етіп отырғаны жай ында кішігірім талдау береміз. Сонымен қатар, кешегі журналистика мен бүгінгі жаңа журналистиканың арасындағы байланысқа тоқтала мыз. Дәстүрлі БАҚтың кемшін тұстары мен артықшылықтарына тоқ таламыз. Журналистикадағы жаңа құбылыс конвергенция үдерісінің болашағы, бүгінгі дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына әсерін қысқаша талдаймыз.

