Бұқаралық ақпарат құралдарында «Қазақстандық жол» феноменін ақпараттық қолдау: интегративтік стратегиялар
Кілт сөздер:
Ақпараттық қолдау, Қазақстандық жол, мемлекет- тік идеология, тұрақты ұғымдарды нығайту, БАҚ-тың интегративтік миссиясы.Аңдатпа
Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында «Қазақстандық жол» феноменін ақпараттық қолдау мақсатында әртүрлі бағытта кең ауқымды іс-шаралар қарастырылған. Мақала авторы бұқаралық ақ- парат құралдарындағы идеялық контенттің нәтижелілігін арттыру мен динамикалық дамыту қағидаларын зерттейді. «Қазақстандық жол», «Мәңгілік Ел» сияқты идеологиялық тұрақты ұғымдарды ны- ғайту мақсатында жаңа көзқарас ұсынады.

