Тоныкөк жазба ескерткішінің құндылығы
Кілт сөздер:
Түркі қағандығы, Дана Тоныкөк, философиялық толғау. Көркем шежіре.Аңдатпа
Бұл мақалада Түркі қағандығын – түркі империясын орнатудағы ұлы жорықтарда қаған кеңесшісі болған Дана Тоныкөктің Елтеріс- Құтлығ ханмен бірлесіп жасаған жорықтары, оның қысылшаң сәтте қағанға ақыл-кеңес берумен бірге, жауға қарсы әскерді бастап, же- ңіске жеткені баяндалады. Тоныкөк жазба ескерткішін дана кеңесші- нің өзі жазғаны тастағы мәтіннен айқын білінеді.
Қытайша білім алған Тоныкөк бұл дастанды терең ойлылықпен, поэзияға тән көркемдікті сақтай отырып, философиялық толғау тү- рінде жасаған. Тоныкөктің Дао даналығынан нәр алғаны осы жазба ескерткіштен анық танылады. Бұл жазба ескерткішті тарихи тақы- рыпқа құрылған поэзиялық мұра деуге толық болады. Оған осы шы- ғарманың негізгі өзегі етіп түркі қағандығын орнатудағы қаған Елте- ріс-Құтлығ пен дана Тоныкөктің атқарған істерін баян еткені дәлел бола алады.

