«Авеста» түркілер дәуірлеген тұста жасалған
Кілт сөздер:
«Авеста», архетип, тарихи-типология, түркі даналы- ғы, таным.Аңдатпа
Осы мақалада әлемде тұңғыш жасалған шығармалардың біре- гейі, көлемі 21 кітаптан (бөлімнен) құралған, түгелдей поэзия тілінде жазылған қасиетті «Авеста» мұрасы түркілерге де ортақ даналық кі- тап екенін ғылыми негізде дәлелдеу көзделген. Сол мақсатқа жетуде әуелі қасиетті «Авеста» шығармасын тарихи-типологиялық және син- тездік тұрғыда тексеріп, тереңдете талдау жасалынды.
Сосын «Авеста» шығармасын зерттеудегі күрделі міндеттерді ре- тімен қарастырып, бұл еңбекте қазақ халқының құрамына енген Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы тайпалары б.з. б. ХІІ-VІ ғасырларда өзара бірігіп күшті мемлекет құрғаны, сол дәуірлеп тұрған тұста көне түркілер ежелден мекендеген Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысы аралығында б.з.б. VІІІ-VІІ ғасырлар шамасында қасиетті «Авеста» шы- ғармасы жасалғаны және шығыстанушы мамандарының пікірлеріне сүйене отырып ортақ ғылыми тұжырым туындағаны мәлімденеді.
