Телевизия бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды құрамдас бөлігі ретінде: ақпараттық-коммуникативті әлеует

Авторлар

  • Yessenbekova U.M. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.,
  • Kutym Begim Назарбаев университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/HJ.2020.v57.i3.03

Кілт сөздер:

ақпараттық қоғам, коммуникациялық инфрақұрылым, телевизия, мәдени- ағартушылық функциялар, ақпараттық қоғам мәдениеті, ақпараттық саясат, құқықтық негіздер.

Аңдатпа

Мақалада ақпараттық қоғам мәдениетін қалыптастырудағы телевизияның орны мен рөлі қаралған, телевизияның БАҚ-тың маңызды құрамдас бөлігі ретіндегі ерекшеліктері талданған. Авторлар мемлекеттің ақпараттық-коммуникативтік деңгейі мен телевизияның коммуникативті және білім беру функцияларын сәтті жүзеге асырудың арасындағы байланысқа ерекше назар аударады.

Ғылыми мақаланың мақсаты – орасан зор әлеуеті бар телевизияның қазіргі әлемдегі маңызды мәртебесін, жаңа заманға бейімделу үрдістерін талдау болды. Қоғамдағы телевизияның ақпараттық әлеуетін өлшеудің методологиялық негіздері зерттелді.

Зерттеу жұмысының ғылыми және практикалық құндылығы ретінде телеарналар арқылы таралатын хабарлардың маңызының өсуі мен аудиторияның сұранысы арасында байланыстың табиғатын анықтауды атауға болады. Адамзат ақпараттық қоғамда өмір сүруге дағдылануда. Ақпараттық қоғам мәселелері бүкіләлемдік саммиттерде жиі талқыланатыны белгілі, олардың құжаттарында бұқаралық коммуникация құралдарына жаңа талаптар тұжырымдалған. Оның ішінде ең танымал медиа институт – телевизияға қойылатын ережелер бар.

Ғылыми мақаланың нәтижесі. Мақалада авторлар телевизияның коммуникативті және ағартушылық функцияларын талдап, қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қазақстандық ақпараттық мәдениеттің қалыптасуына әсер ететін ерекшеліктерін ашты. Авторлар телевизияның мәдени-қалыптастырушылық функциясының маңыздылығын қуаттай отырып, оның ағартушылық және білім берудегі ерекшеліктерін атап көрсетеді және оның қызметінің негізгі қағидаттарын түзеді.

Мақаланың құндылығы деп  телевизияның  ақпараттандыру,  білім  беру  функцияларын және жаңа коммуникациялық технологиялардың артықшылықтарын тиімді пайдалану үшін қоғамның ақпараттық мәдениеті жоғары болуы және заманауи ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым орнығуы тиісті тұжырымдарды атаймыз. Бұл зерттеу жұмысында заманауи телевизияның мәдениетті, ақпараттық және білім беру мүмкіндіктерін ескере отырып, мемлекеттің ақпараттық саясатын реттейтін жаңа заңнама тұрғысынан қазақстандық телевизияның қызмет ету проблемалары да анықталған. Бұл ұсынымдарды отандық телеарналар өздерінің жаңа дәуірдегі әлеуетін өсіріп, қоғамдық қатынастарда ықпалын күшейтуге қолдана алады.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-10-27

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА