Бұқаралық ақпарат құралдарының «тұран» этно-фольклорлық ансамблінің дамуына қосқан үлесі
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/HJ.2020.v57.i3.05Кілт сөздер:
БАҚ, этно-фольклорлық ансабль, аудитория, ұлттық музыка өнері, композиция, трансформация, репертуар.Аңдатпа
Бұл мақалада бұқаралық ақпарат құралдарының қазақ музыка өнеріне өзгеше сарынмен, өзіндік қолтаңбамен келген этно-фольклорлық топтардың бірі «Тұран» ансамблінің дамуына қосқан үлесі жайында жан-жақты зерттеледі. БАҚ-та «Тұран» ансамблі қалай насихатталды, ақпарат құралдары ансамбльдің нақты қандай өзгеше ерекшеліктерін аудиторияға таныстырды. Ансамбль мен аудиторияның (көрермен, тыңдарман) арасындағы кері байланысқа ұтымды жауаптар беріледі. Алғашқы заманауи кезеңдегі тыңдаушы мен орындаушының коммуникациясын қарастыру жақтары жазылады. Ұлттық өнерді дәріптеудегі БАҚ-тың кейбір көңіл бөлуге тиісті тұстары да айтылады, этно-фольклорлық ансамбльдің қалыптасуы мен даму жолы сөз етіле отырып, оның ұлттық музыкамызға қосқан айрықша үлесі нақты ғылыми тұжырымдармен тереңдей сараланады. Мақаланың мақсаты. Қaзaқ хaлқының үш мың жылдық тaрихы бaр Ұлттық өнеріміздің XXI ғaсырдa жаңа технологияларды қолдана отырып жaңaшылдық сaтысын қарастыру. Қaзaқстaнның өркендеуіне, қоғaмның дaмуынa: тaрихын, мәдениетін, бaр өмірлік болмысын негізінен aуызекі түрде, ән-күйлерінде, жырлaрындa, aңыз-әңгімелерінде, ұрпaқтaн- ұрпaққa aмaнaтқa қaлдырғaн. Осы дәстүрді жеткіздіріп отырған этно-фольклорлық топтың практикасы арқылы өткізудің өзгеше жолы деп қарастыруға үлкен негіз бар.
Мақаланың ғылыми нәтижелері. Ғылыми мақалада «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің қазақ музыка өнерінің дамуына қосқан үлесі тақырыбы төңірегінде музыкатанушы, сазгерлер мен ғалымдардың баспасөз бетіндегі мақалалары мен еңбектеріне шолу жасалып, ғылыми негіз ретінде назарға алынған. Мақалада пайдаланылған әдебиеттер музыкалық шығармалар қай кезеңде орындалса да, қай аспапқа өңделіп жазылса да өз өзектілігі мен маңызынан, қызметінен жаңылмақ еместігін көрсетеді. Зерттеудің әдіснамасы мен өзектілігі: «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі отандық ғалымдардың еңбектеріне сүйену арқылы зерттелді: М.Мағауин, Е.Д. Тұрсынов, А.И. Мұхамбетова, Т. Әсемқұлов т.т. байырғы ұлттық музыкамыз бен ежелгі көне музыкалық өнер туралы ақпарат берген, алғашқы фольклористика туралы зерттеген ғалымдардың еңбегі арқылы қайта жаңғыруына, заманға лайық түрленіп, трансформацияланып тыңдарманға ұсынылуына өлшеусіз үлес қосты. Қобыз, жетіген, сазсырнай, дабыл т.б. осындай көне аспаптарымыз бен әуендеріміздің қазақ сахнасына оралуы үлкен жаңалық болды деп айтуға әбден негіз бар. Мақалада осы сияқты түйткілді түйіндер кеңінен зерттеліп сөз етіледі.

