Медиа цифрландыру кезеңіндегі Қазақстанның спорт телевизиясы

Авторлар

  • Niyazgulova A.A. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • Ibragimov N.A. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml http://orcid.org/0000-0003-0898-0915

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/HJ.2020.v57.i3.06

Кілт сөздер:

теледидар, спорттық хабар тарату, сандық медиа технологиялар, әлеуметтік желілер, аудитория.

Аңдатпа

Мақала Қазақстандағы спорттық теледидардың даму тенденцияларын зерттейді. Авторлар Интернеттегі бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар таратудың дәстүрлі формаларының трансформациясының сипаттамаларын, әлеуметтік медиа платформалардың аудиторияға және эфир форматына әсерін, интернеттегі хабар тарату практикасы мен медиа интерактивтілігін зерттейді.

Ғылыми мақаланың мақсаты – цифрландыру мен медианы коммерцияландырудың транс- формациялық процестері шеңберінде қазақстандық спорттық теледидардың даму моделін анықтау. Зерттеудің негізгі идеясы – бұқаралық  ақпарат  құралдарын  цифрландыру  кезеңін-  дегі спорттық хабар таратудың өзгеруін қадағалау, әлеуметтік желілерде хабар тарату перспективаларын анықтау. «Қазақстан Спорт-1» (Play TV) алғашқы ұлттық спорттық телеарнаның,

«Тұран ТВ», 2014 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және туризм комитетінің қолдауымен құрылған туризм, балық аулау, белсенді өмір салты туралы тәулік бойғы қазақстандық телеарнаның бағдарламалары зерттеледі. Тұран ТВ Арнаның басты мақсаты – Қазақстанда ішкі туризмді дамыту. 2013 жылы құрылған және қазіргі кездегі Қазақстандағы ең ірі спорттық телеарна Qazsport телеарнасының хабар тарату желісі талданды. Теледидардың спортқа әсер ететіндігі және телекөрсетілімге көрермендердің көзқарасы әсер ететіні дәлелденді – экрандағы берілетін бейнені көрерменге қол жетімді әрі уақтылы ету үшін  жаңа  ережелер  енгізілуде,  спорт түрлері теледидар жағдайларын қанағаттандыру үшін түрлендіріліп жатыр, спорттық іс- шараларды таратуда ең жаңа сандық технологиялар қолданылады. Мақсатты аудиторияны түсіну спорттық басылымдар, телеарналар үшін ғана емес, федерациялар, спорт клубтары, жарыстар мен спорттық іс-шараларды ұйымдастырушылар, жарнама агенттіктері үшін де маңызды. Спорттық жанкүйер мен көрерменнің мінез-құлқы көрсетілген, бұл теледидар рейтингіне әсер етеді.

Зерттеу нәтижесінде контент-талдау, салыстырмалы талдау, социологиялық зерттеу, журналистермен сұхбаттасу әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері арнаның маркетингтік саясатын құруға негіз болады, жаңа форматтағы бағдарламалар жасауға мүмкіндік береді. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы қазақстандық телевизия, атап айтқанда, спорттық хабар тарату тарихының шежіресін құруда.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-10-29

Журналдың саны

Бөлім

Ақпарат әлемі