Бұқаралық ақпарат құралдарын оқытуда және мәдениетаралық қарым-қатынаста шетелдік студенттердің мәдениаралық құзыретін қалыптастыру ерекшеліктері
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/HJ.2020.v58.i4.05Аңдатпа
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі уақытта шет тілдерін оқыту үдерісінде мәдениетаралық қарым-қатынас мәселесі, әсіресе бұқаралық ақпарат құралдарын оқыту кезінде өте өзекті болып табылады. Мақалада бұқаралық ақпарат құралдарын оқыту мен тілді шет тілі ретінде меңгерту кезінде шетелдік студент елдің мәдениетін білсе, оқу үдерісі сәтті болатынын ескеру керектігі жайлы сөз болады. Мақалада ұсынылатын жұмыс түрлері шетелдік студенттердің белсенділігін арттыруға көп септігін тигізуі және мәдениетаралық қарым-қатынасты дамытуға ықпал етуі, оқытушының қызметі оқу үдерісін барынша арттыруға бағытталуы мақалада жиынтық қорытындыланып, оқытушыға аудиторияны сауатты ұйымдастыру, жылдам, балама жұмыс түрлерін түзетуге мүмкіндік беретіндігі студенттердің белсенділігін арттыру тұжырымы жасалып, табысты талданған және теориялық еңбектер арқылы дәлелдеген.
Мақаланың мақсаты – бұл мақалада бұқаралық ақпарат құралдарын оқыту мен мәдениетаралық қарым-қатынаста шетелдік студенттердің мәдениетаралық құзыреттіліктерін қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру. Шетелдік студенттерді мәдениеттер арасындағы айырмашылықты көруге, басқа мәдениеттің ерекшеліктерін түсінуге үйрету маңызды болып табылады. Кездесетін қиындықтарды жеңу үшін, сондай-ақ, басқа мәдениетке деген сенім мен құрметті тудыратын сөйлеу этикетіне ие болу керек. Коммуникативтік қарым-қатынас кезінде сенімді болуға мүмкіндік береді.
Мақаланы жазу барысында теориялық, әдіснамалық, салыстырмалы, логикалық, мазмұнды талдау әдістерімен бірге басқа да зерттеу әдістері пайдаланылды. Теориялық еңбектерге де талдау жасалды.
Негізгі нәтижелері. Зерттеу мақаласында мәдениетаралық қарым-қатынаста шетелдік студенттердің мәдениетаралық құзыреттіліктерін қалыптастыру ерекшеліктері тақырыбына қатысты тәуелсіздік алған кездерден бастап жарық көрген басылымдар мен еңбектерге, ғылыми әдебиеттерге шолу жасалып, ондағы тақырыптар ғылыми негіз ретінде назарға алынған.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы осы материалды қазіргі кезде журналистика саласында да, тіл меңгертуде де өзекті болып табылатын мәдениетаралық қарым-қатынаста мәдениетаралық құзыреттілікті қалыптастыру мәселесін зерттеуде қосымша ретінде қолдануға болады.
Түйін сөздер: мәдениетаралық қарым-қатынас, мәдениетаралық құзыреттілік, бұқаралық ақпарат құралдарын оқыту, мәдени әртүрлілік, мәдени диалог.

