Польша-Литва татарларының баспа басылымдары мен қоғамдық ұйымдары: ХІХ ғасырдың екінші жартысы және ХХ ғасырдың басы

Авторлар

  • Selim Chazbijewicz әл-Фараби ат. ҚазҰУ

DOI:

10.26577/HJ.2021.v59.i1.01

Аңдатпа

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында поляк-литва татарларының ұлттық жаңғыруы басталды, мұның өзі ұлтшылдық жетекші идеологияға айналған Еуропадағы жалпы көңіл-күймен, сонымен қатар Ресей империясындағы мұсылман халықтары арасында ұлттық сезімдердің өсуімен, сондай-ақ бір топ жас поляк татарлары зиялыларының күш-жігерімен байланысты болды. Мақаланың мақсаты – ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі поляк- литва татарларының БАҚ контенті, әдебиеті мен мәдени құндылықтары туралы зерттеулердің нәтижелерін ұсыну.

Петербург ХІХ ғасырдың аяғында империяның басқа да тұрғындарымен бірге поляктардың да үлкен тобы шоғырланған ортақ үй болды. Статистикаға сәйкес, 1900 жылы мұнда 50 мың адам өмір сүрген. Поляктар қала халқының 3,57%-ын құрады. Сол статистикаға сәйкес Санкт- Петербургте Қырым, Еділ және Сібірден келген 5,8 мың татар өмір сүрген. Бұл үлкен ұлттық ою- өрнекте поляк-литва татарлары да бар.

Санкт-Петербургте Ресейдегі ұлттық, пантюркистік және панисламистік қозғалыстардың белсенділері тәрбиеленді, олардың арасында Ахматовичтер, Крычинскийлер, Сулькевичтер, Базаревскийлер және басқалар сияқты отбасылардан өрбіген поляк татарлары да болды. Дәл сол кезде, ХХ ғасырдың басында Найман князі Мырза Крычинскийдің ескі асыл тұқымынан шыққан Леон Крычинский ұйымдастырушылық және жетекшілік рөлін атқара бастады. Мырза Крычинский Литва Ұлы Княздігінің татар ақсүйектерінің ежелгі отбасыларының бірі Найман- Пиотровичтер отбасынан еді.

Түйін сөздер: поляк-литва татарлары, идеология, ұлттық сезім, Ресей империясы, зиялылар.

Жарияланды

2021-03-18

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА