Цифрлық ортада әлеуметтік-саяси коммуникацияның түрлену себептері және ғылыми дефиницияны нақтылау
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/HJ.2021.v59.i1.07Аңдатпа
Мақалада жаңа дәуірдегі әлеуметтік қатынастардың түрленуі және оларды коммуникациялық формалар арқылы бекіту мәселелері, әлеуметтік-саяси коммуникациялық ықпалдасу мен осы процестерді зерттеуде қолданылатын ғылыми дефиницияларды жетілдіру, біріздендіру проблемалары қаралған. Саяси теорияның контексінде коммуникация ұғымы өзара ақпарат алмасу мен ақпараттың қоғамға таралу үрдісімен байланысты қаралады. Бұл жағдай саяси- әлеуметтік коммуникация феноменін талдауда микро мен макро деңгейлі тәсілдемелердің арасында туындайтын қарама-қайшылықтарды анықтаудың маңызын бірінші кезекке шығаруда. Зерттеу жұмысының мақсаты. Автор зерттеу жұмысында саяси коммуникация теориясының басты модельдерін талдай отырып, орталықтандырылған бір бағытты коммуникацияның орнын аудитория мен саяси-коммуникациялық процестердің қатысушылары арасында кері байланыс күшейтілген ақпарат тарату формалары алмастырады деген болжамды дәлелдеуді мақсат еткен. Өйткені, цифрлық технологиялардың дамуы басқарушы мен бағынышты арасындағы коммуникативтік «вертикалды» байланыстармен қатар «горизонталды» коммуникативтік-ақпа-
раттық ағындардың ұлғаюына бастайтын болады деген тұжырым жасайды.
Зерттеу жұмысының құндылығына саяси құрылымдар мен қоғам арасындағы кері қатынастың болмауы мен азаматтардың саяси-қоғамдық белсенділігінің төмендеуінің арасындағы байла- ныстың бар екенін анықтауды, бұл байланыс биліктің іс-әрекетіне деген наразылықты күшейтетін фактор деп бағалануын жатқызамыз. Зерттеу әдістемесіне бақылау және салыстыру, сипаттау сияқты тәсілдермен қатар, құжаттарды жүйелеу және социометриялық әдіс-тәсілдер қолданылды.
Ғылыми мақаланың нәтижесі. Мақалада цифрлық ортаның ықпалымен әлеуметтік-саяси коммуникацияның орны мен құзыреттерінің өзгерістері жақсы жүйеленіп, сарапталған. Әлеу- меттік-саяси коммуникациялық ықпалдасу процестерін зерттеуде қолданылатын ғылыми дефи- ницияларды жетілдіру, біріздендіру проблемаларын шешуде ұсыныстар жасалған. Мысалы, автор
«бұқаралық коммуникация құралдары» мен «бұқаралық ақпарат құралдары» сияқты ұғымдардың қолдану тарихын жан-жақты зерттеп, олардың дұрыс анықтамаларын терең дәлелдермен сипаттап берген.
Мақала қорытындысында әлеуметтік процестердің саяси өмірдегі ықпалы мен серпінін күшейтетін коммуникативтік тәсілдер қоғамдағы белсенділікті өсіретін факторлар екені көр- сетілген. Саяси коммуникацияның басты функциясы – елдегі қоғамдық жүйені ішкі және сыртқы жағдаяттарға икемдеуді, ұлттық мүддені қорғау екені тұжырымдалған.
Түйін сөздер: коммуникациялық ықпалдасу, вертикалды коммуникация, саяси акторлар, әлеуметтену, медиакратия.

