Пандемияның қаупі туралы халықты ақпараттандыру. Қазақстандағы бақ COVID-19 туралы ақпаратты қалай таратты?
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/HJ.2021.v60.i2.01Аңдатпа
COVID-19 коронавирус жаһандық пандемиясы қазақстандық БАҚ-тардың жұмысын қиындатты. Жаңалықтар ұйымдарының едәуір бөлігі әдеттегі қызметіндегі басымдықтарды өзгертуге мәжбүр болды, ал журналистердің өздері пандемияның жағымсыз салдарын сезінді. Зерттеудің мақсаты коронавирустың жаңа түрінің қаупі туралы халықты ақпараттандыру бойынша ақпараттық ұйымдардың жұмысын зерттеу болып табылады. Ғылыми мақаланың негізгі идеясы – 2020 жылдың наурызы мен тамыз айлары аралығындағы пандемияның қазақстандық БАҚ-тардың қызметіне әсерінің зерттеу нәтижелері ұсыну. Аталмыш мақалада сандық және сапалық зерттеу әдістері қолданылды: телеарна, радио, баспасөз және онлайн басылым редакторларымен сауалнама және бас редакторлармен тереңдетілген сұхбат жүргізілді. Зерттеудің негізгі нәтижелері пандемияның алғашқы жарты жылында және осыған байланысты енгізілген шектеу шаралары кезінде БАҚ қызметкерлері мен басшылары мемлекеттік ақпарат көздерінен коронавирус туралы нақты ақпарат алу бойынша кедергілерге тап болып отырғанын, қажетті ақпаратқа қол жеткізуде қиындықтар болғанын, билік өкілдері тарапынан қысымды сезінгенін және әлеуметтік желілердегі фейк жаңалықтармен күрескенін көрсетті. Осыған қарамастан, отандық бұқаралық ақпарат құралдары мәселені жан-жақты қамтуға тырысты. Сонымен қатар, коронавирус туралы әртүрлі қауесеттер мен жалған мәліметтердің фонында тексерілген ақпаратқа және білікті сарапшылардың пікірлеріне негізделген сапалы талдауы бар толыққанды хабар тарату ерекше маңызға ие болды. Зерттеудің қорытындылары журналистердің ақпарат көздері мен тональдылығын өз бетінше таңдағанын, алайда пандемия туралы хабар тарату мәселесінде өзін-өзі цензуралауға ұшырағанын көрсетеді. Аталмыш ғылыми жұмыстың құндылығы
– оның журналистердің жаһандық және жергілікті дағдарыстарды жариялаудағы кәсібилігі мен
жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ үкіметті дағдарыстар кезінде пресса және азаматтарға толығырақ ақпарат беруге және неғұрлым ашығырақ болуға шақыруға септігін тигізе алатындығында. Зерттеудің практикалық маңыздылығы пандемия кезіндегі жаңалықтар ұйымдарының қызметін талдауда жатыр. Ғылыми жұмыстың нәтижелерін журналистер мен БАҚ басшыларының зерттеулері мен тәжірибесінде қолдануға болады.
Түйін сөздер: БАҚ, басымдықтар, COVID-19 пандемиясы, өзін-өзі цензуралау.

