Халықаралық ақпараттық кеңістіктегі қазақ тіліндегі радиохабарларды таратудың тарихи-даму кезеңдері

Авторлар

  • G. T. Maykotova әл-Фараби ат. ҚазҰУ http://orcid.org/0000-0002-5967-5817
  • A. Kamidolla Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-6559-6464
  • T. Zhanibek Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-5918-0649
  • K. Mukhatayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-8623-9981
  • N. B. Eshuatova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0003-1793-4304

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/HJ.2021.v60.i2.04

Аңдатпа

Ғылыми зерттеу мақалада халықаралық ақпараттық кеңістіктегі қазақ тіліндегі радио- хабарларды таратудың тарихи-даму кезеңдері жан-жақты қарастырылады. Қазіргі таңда шетелдік БАҚ-тағы радиостанциялардың пайда болуы, қалыптасуы, ондағы қазақ тілді ақпараттардың Қазақстанның саяси-идеологиялық жағдайына әсерін салыстырмалы түрде зерттеудің маңызы зор. Мақалада халықаралық телерадиокомпаниялар «Би-Би-Си», «Америка дауысы», «Неміс толқынының» қазақ тіліндегі хабар тарату жүйесіндегі тәжірибесіне назар аударып, Орта Азия кеңістігіне жол ашқан «Азаттық радиосының» еліміздің демократиялық жағдайын қалыптастыруға көшбасшы болғандығы дәлелденеді. Халықаралық ақпараттық кеңістіктегі қазақ тіліндегі радиохабарларды таратудың тарихи-даму кезеңдеріне талдау жасалып, басты ерекшеліктері айқындалады.

Мақаланың ғылыми жаңалығы халықаралық радиолардың ұлттық эмиграцияның азаттығын қорғау, отаршылдыққа қарсылық таныту жолындағы, сондай-ақ ұлттар бостандығы мен демократиялық қоғамның жаһандық трансформациялық қызметіне функционалдық талдау жасау болып саналады.

Кеңес өкіметі жылдары қазақ тілінде хабар таратқан Қытайдағы Бейжин, Шыңжаң радио- станцияларының ақпараттарының қоғамдық-саяси мазмұнын ашудағы әдіс-тәсілдеріне баға беріледі. Сонымен қатар Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы, Иран және Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің қазақша хабарлары ғылыми тұрғыда сараптаудан өткізіледі.

«Түркия үнінің» жергілікті FM радиоарнасындағы қазақ тілінде жүргізілетін радиохабар- ларының тарату жүйесі зерттеледі. Халықаралық радионың өз аудиториясына жақын болу үшін эфирдің жергілікті ақпараттарын арттырудағы мақсатына назар аударылады. «Түркия үні» радиосының қазақша редакциясының Қазақстан туралы ақпараттарының ерекшеліктері сипатталады.

Мақаланың негізгі нәтижелері мен тұжырымдары – халықаралық ақпараттық кеңістіктегі қазақ тіліндегі радиохабарларды таратудың Қазақстанның әлемдік деңгейдегі имиджін артты- рудағы жетістіктерін айқындау. Халықаралық ақпараттардың дамуы еліміздің демократиялық жағдайын нығайтуға, Қазақстанның әлем алдындағы беделін көтеруге тікелей әсер ететін болғандықтан, оның теориялық-тәжірибелік және қоғамдық даму үрдістерін зерттеу көзі ретінде қарастыру қажет. Мақалада халықаралық ақпараттық кеңістіктегі қазақ тіліндегі радиохабарларды зерттеудің ғылыми-тұжырымдары оның тәжірибелік құрылымын сұрыптау, талдау, синтездеу әдіс-тәсілдері арқылы жасалады.

Түйін сөздер: Шетелдік радиолар, «Азаттық радиосы», «Түркістан» редакциясы, Шыңжаң радиосы, «Түркия үні» радиосы.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-06-15

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА