1941 жылы 316-атқыштар дивизиясы штабының ұжымдық портретін қалпына келтірудің ақпараттық ресурстары
DOI:
10.26577/HJ.2021.v60.i2.07Аңдатпа
Мақалада 1941 жылы Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясының бірінші құрамының штабының қызметкерлері туралы автордың іздеу жұмыстары сипатталған. Мақсаты: 2017 жылы Ресей мен Қазақстанның ашық мұрағаттары негізінде 1941 жылғы штабтық қызмет- керлердің сауалнамалық деректеріне талдау жасау.
Әдістері: салыстырмалы-тарихи зерттеудің әдіснамасы, социологиялық зерттеудің әдісна- масы мен техникасы, салыстырмалы-тарихи әдіс және статистикалық деректерді талдау және т.б. пәнаралық әдіснаманың, контент-талдаудың және құжаттарды сапалы талдаудың артық- шылықтарын пайдалану. Зерттеушілер үшін жақында ғана табылған деректерді зерттеу негізінде ХХ және ХХІ ғасырдың басында айтылған пікірлерді жоққа шығаратын бірқатар маңызды тұжырымдар жасалды. Штаб құрамында еліміздің 6 ұлт өкілі болды. Штабтың төрттен бір бөлігі партиядан тыс адамдар болды. Штабта жоғары, орта-техникалық және орта білімі бар командирлердің 77,8% жұмыс істеді. Штаб қызметкерлерінің 54,2%-ында әскери білім болған жоқ, сондықтан дивизия милиция деп аталды. Дивизия мәскеулік шайқастың шабуылдау операциялары үшін плацдарм ретінде қызмет етті, жауды Астанадан жүздеген шақырымға ығыстырды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы оның нәтижелерін саясаттанушылардың мәдениет пен тарих саласында қолдануы болып табылады. Журналистер мен PR-мамандарға мұрағат материалдарын іздеу және оны талдау негізінде тақырыптарды қалай жариялау керектігі туралы кеңестер мен ұсыныстар берілді.
Материалдар ХХ ғасыр тарихы, журналистика және жұртшылықпен байланыс және басқа да әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқу құралдары мен оқулықтарына енгізілуі мүмкін.
Түйін сөздер: 316-атқыштар дивизиясы, Ресей Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағаты, Қазақстан Республикасының Орталық мұрағаты, журналистер, мұрағаттардағы жұмысты медиада жария ету.

