Журналистерді оқытудағы әдістер мен технологиялар
DOI:
10.26577/HJ.2021.v60.i2.09Аңдатпа
Медиа мамандарды даярлаудың заманауи тәсілдері елеулі өзгерістерге ұшырауда, мұндай диалогқа әлеуметтанушылар, философтар, саясаттанушылар мен PR менеджерлермен бірге журналистердің (зерттеушілер мен практиктердің) ғылыми форумдары дәлел; медиа кеңістігінің түрлі салаларының өкілдері де (қаржылық, заң журналистикасы) пікір білдіруде. Жалпы білім беретін мектептердің оқу бағдарламасына «Мультимедиялық журналистика» курсы енгізілгеннен кейін мұғалімдердің дауысы «естіле бастады».
Журналистика факультетіне түсуге арналған шығармашылық емтихан кезінде талапкер үшін «Журналистика» мамандығын таңдаудың негізгі талаптары: «Менің журналист болғым келеді: маған адамдармен қарым-қатынас жасау ұнайды». Алайда оқуға түскеннен кейін және оқу барысында мамандыққа көңіл толмаушылық жиі кездеседі. Оқытушы үшін студенттің мамандыққа деген қызығушылығының төмендеу себептерін анықтау, тәуекелдерді азайту және білім сапасын арттыру маңызды. Еске сала кетерлігі әлеуметтік жауапкершіліктің едәуір үлкен бөлігі өңірлік ақпарат құралдарының журналистеріне жүктеледі. Журналист – халық мүддесі мен қоғамның демократиялық принциптерін қорғайтын және елдегі «төртінші биліктің» өкілі. Бұл зерттеу жұмысымыздың мақсаты – студенттердің сыни ойлауы, техникалық және технологиялық дағдылары мен ынтасын бақылау тәжірибесіне негізделген журналистикадағы өзекті және интерактивті оқыту модельдерін анықтау.
Көп жылдардан бері журналистика факультеті студентінің өзіне қоятын бірнеше сұрағы бар: журналистиканы оқу қажет пе; бұл мамандық соншалықты қызықты және беделді ме? Журналистер арасындағы бәсекелестік жоғары ма? Авторлар медианың әртүрлі заманауи тенденцияларын талдай келе, қазіргі кездегі студенттердің көпшілігінде мәтіндерді дұрыс жазу дағдылары жоқ деген тұжырымға келді.
Зерттеу барысында болашақ медиа маманға қажетті шартты «сәйкестендіруінің» төрт деңгейі анықталды: 1) оқуға тапсырушы «белгісіз тұлға»; 2) шешім қабылдай алмайтын бірінші курс студенті; 3) күмәнданған орта мектеп оқушысы; 4) «трендтегі» түлек. Зерттеу барысында мыналар анықталды: екінші курстың ортасынан бастап журналистика мамандығы студенттері оған өмірлік, тұрақты мамандық ретінде қарамайды. Сонымен бірге әр кезеңге тән: бақылаудың бағытын, жетілдірілген оқыту мазмұны және мінез-құлық моделі анықталды.
Зерттеудің гипотезасы: егер әр кезеңнің негізгі дағдылары мен жаңа білім беру саясатына сәйкес студент оқуды бітірген кезде бәсекеге қабілетті маманға кепілдік беретін «шығармашылық» компонент қойылғаны дұрыс. Зерттеу жұмысының нәтижесі ретінде жүйеде журналистердің қалыптасу моделін бақылауды атауға болады, яғни білім беру моделі университет-шығармашылық- тәжірибе мен мультимедиялық және тиімді коммуникация принциптеріне негізделген.
Түйін сөздер: әдістеме, интегративті технологиялар, кәсіби тәжірибелер, стратегия, медиа саласы.

