Сөз бостандығы мен ақпараттық гигиена – демократияның ең басты критерийі

Авторлар

DOI:

10.26577/HJ.2021.v61.i3.07

Аңдатпа

Сөз бостандығының қоғамдық қарым-қатынастарды қалыптастырудағы орны мен қызметі, оған әсер етуші факторлар, сөз бостандығының құқықтық мәселелері журналистика саласындағы өзекті мәселелерге жатады. Журналистикада ақпаратты ұсынудың тәсілдері арқылы қоғамдық дамуға әсер ету құбылыстары да маңызды. Адам құқықтарының қорғалуы мен іске асырылуы, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қамтамасыз етілуі ақпараттың ашықтығымен байланысты. Оның өзегі – төртінші биліктің бостандығы, сөз бостандығы.

Мақаланың мақсаты – сөз бостандығының ғылыми негізделген анықтамасын қарастырып, сөз бостандығының қоғам дамуындағы қажеттілігін, адамның конституциялық және өзге де құқықтарын қамтамасыз етудегі қызметін айқындау, ақпарат бостандығының іске асырылуына әсер етуші факторларды көрсету, ақпаратты жеткізу тәсілдеріне талдау жасап, ақпараттық гигиенаның, ақпаратты дұрыс қолданудың демократиялық қоғамның критерийі ретіндегі қызметін дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының ғылыми және практикалық құндылығына сөз бостандығы, ақпарат бостандығы, ақпарат беру тәсілдері, ақпараттық гигиена ұғымдары туралы ғылыми тұжырым жасалып, олардың қоғамдық қарым-қатынастарды өзгертудегі қызметі дәлелденеді. Мақалада ақпарат беруде коммуникация тілі қолданылып, оның барлық функционалдық қызметтері пайдалнылатыны туралы түсінік беріледі.

Тақырыпты талдау барысында сипаттау, бақылау және салыстыру сияқты эмпирикалық тәсілдермен қатар, шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі тұжырымдарға негізделген теориялық әдістер қолданылды.

Ғылыми мақаланың басты нәтижесі – сөз бостандығының өзектілігі, ақпарат берудің журналистиканың маңызды құралы болып саналатыны дәлелденген. Ақпарат берудің түрлері мен тәсілдері талданады. Осылайша, дерек пен дәйекті бүкпесіз, дәл жеткізудің қажеттілігі, ақпараттық гигиенаны сақтаудың дұрыстығы көрсетілді. Зерттеу жұмысының қорытындысында сөз бостандығы ақпаратты бүкпесіз жеткізудің кепілі деген тұжырым жасалады.

Түйінді сөздер: сөз бостандығы, ақпарат ағыны, ақпараттың берілуі, ақпараттық гигиена, психолингвистикалық көрініс, медиакеңістік, журналистік құрал.

Жарияланды

2021-09-28

Журналдың саны

Бөлім

Ақпарат әлемі