Тәуелсіздік жылдарындағы журналистік білім беру

Авторлар

DOI:

10.26577/HJ.2021.v62.i4.01

Аңдатпа

Бұл ғылыми зерттеуде Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында цифрлық технологияның қарқынды дамуымен бірге айтарлықтай өзгерістеріске ұшыраған журналистік білім беру саласына шолу жасалады. Журналистика факультетінде оқу бағдарламасының цифрлық ғасыр талабына сәйкес бейімдеудің маңыздылығын атап өтеді. Журналистиканың қарқынды даму тенденциясына сәйкес болашақ кәсіби журналистерді даярлауда студенттерге тек білім берумен шектелмей, сонымен бірге тез өзгеретін әлемде жұмыс істеуге қажетті құралдарды меңгеруіне көбірек мән беру керектігі айтылады. Қазақстанның журналистика саласындағы білім берудегі ең маңызды мәселелерге, яғни студенттерді ғылыми зерттеуге бейімдеу, оларды оқыту әдістемесін жетілдіру және мансапқа қол жеткізуге қажетті алғышарттарды анықтауға ерекше тоқталады. Мұның басты себебі – бұл журналистика нарығындағы сұранысқа сай маман ұсыну талабынан туындаған мәселелер.

Ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты – журналистік білім беру саласының  30 жылдағы даму динамикасына шолу жасау және  заманауи мәселелерін айқындау.

Ғылыми әдістемесі ретінде осы тақырыпқа қатысты жазылған ғылыми еңбектерге талдау жасаумен қатар, Internews Халықаралық ұйымының медиақоғамдастықтың ақпаратты тұтыну қажеттілігіне жасалған зерттеуінің деректеріне және студенттер арасында осы ғылыми еңбектің авторы жүргізген сауалнама нәтижелері алынды.

Зерттеу барысында анықталғаны білім беру жүйесіндегі өткен реформалардың сәтсіз тұстарын ескере отырып, журналистік білім беруде жаңа реформалар жасау қажет. Журналистік білім беруде жаңа цифрлық технологияларды меңгерту оқу бағдарламаларын медиа нарыққа сай бейімдеу қажет.

Журналистік білім беруде оқу бағдарламалары кәсіби тәжірибені ескере отырып, оқытуды ұсынуы керек және студенттер соңғы курста жұмысқа тұрып кетуі үшін оқу орындары өндіріспен жақсы байланысты қамтамасыз етуі тиіс

Түйін сөздер: Қазақстан, тәуелсіздік, журналистика, журналистік білім беру.

Жарияланды

2021-12-20

Журналдың саны

Бөлім

30-летие Независимости Республики Казахстан