Жасөспірімдердің рухани құндылықтарын қалыпастыруында әлеуметтік желінің әсері

Авторлар

DOI:

10.26577/HJ.2021.v62.i4.05

Аңдатпа

Мақалада қазіргі интернеттің, әлеуметтік желілердің жастардың оң немесе теріс әсері туралы сөз қозғалған. Цифрлық қоғамды дамыту контексінде жастар ерекше әлеуметтік топ ретінде мемлекет пен қоғамның дамуында шешуші рөл атқарады. Жастар – Қазақстанның болашағы, денсаулық, зияткерлік белсенділік және ұтқырлық тұрғысынан халықтың басқа топтарынан айтарлықтай ерекшеленетін ұрпақ. Кез-келген зерттеу контекстінде жастардың әрбір жеке өкілін әлеуметтік қалыптасу мен дамудың өзіндік ерекшелігі бар нақты адам ретінде қарастыру қажет. Әлеуметтік желілер арқылы адамдар тек байланысып қана қоймай, кеңестерімен, кәсіби дағдыларымен бөліседі, өз қызметін дамытады, мәмілелер жасайды және зерттеулер жүргізеді. Мақсаты: Әлеуметтік желілердің қазіргі жастар бойында рухани құндылықтарды қалыптастыруға әсер ету ерекшелігін талдау. Ғылыми идеялар: Әлеуметтік желілердің дамыуы біздің өмірімізді жеңілдетіп қана қоймай, теріс әсерлерін де тигізуде. Зерттеу барысында кері ықпалын зерттеп, оны оң жағынан пайдалануды қарастырамыз. Біз ақпараттың үлкен ағымы жас адамның санасына қалай әсер ететінін көреміз. Зерттеу нәтижелері: Мақалада жастардың санасына әлеуметтік құндылықтарды негіздеуде ақпараттық коммуникациялық технологиялардың алатын орны жайлы жан-жақты сараптама жасалған. Зерттеудің құндылығы – мақалада әлеуметтік желілердің қазіргі жастардың құндылықтар жүйесін қалыптастыруға теріс әсер ету тәжірибесі жан-жақты көрсетілген, әлеуметтік медианың әсері екіұшты: теріс әсері неғұрлым өткір, күшті және терең. Олар теріс салдарға әкеледі. Қазақстандық жастар санасында әлеуметтік маңызы бар құндылықтардың қатарынан индивидуалистік мінез-құлық белгілерін байқауға болады.

Түйінді сөздер: интернет, әлеуметтік желі, ақпараттық қоғам, компьютерлік сауаттылық, қашықтықтан оқу

Жүктеулер

Жарияланды

2021-12-20

Журналдың саны

Бөлім

Ақпарат әлемі