Медиаконвергенцияның «жетісу» телеарнасына әсері

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/HJ.2021.v62.i4.07

Аңдатпа

Мақалада Алматы облыстық медиаконвергенция үдерісінің «Жетісу»  телеарнасына әсері қарастырылған. Cонымен қатар, 20 жылдан астам тарихы бар Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының қазіргі уақытта жеткен жетістіктері және алға қойған мақсат-міндеттері жайлы, телеарнадағы жанрлық және бағдарламалық ерекшеліктері қарастырылады.

Ұсынылып отырған мақаланың мақсаты – үлкен қарқынмен дамып келе жатқан бүгінгі БАҚ-ң мүмкіндіктерін сараптау. Дәстүрлі медиаға конвергенция мен жаңарған ақпараттық технологиялардың  әсерін қарастыру. Масс-медиа кеңістігінің заман талабына қарайлауы, олардың бүгінгі аудиторияға ықпалын талдау. Медиа конвергенция тәжірибесін Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының мысалында қарастыру. Жаңашылдық пен дәстүр сабақтастығын қарастыру.

Тақырыптың зерттелу құндылылығы өте өзекті, себебі, «Жетісу» телеарнасы Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында орналасқан жалғыз телеарна.

Ғылыми жұмыстың жаңалығы – БАҚ-ғы конвергенция тұңғыш рет Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының мысалында зерттелді. Ғылыми жұмысты дайындау барысында осы ақпараттық-технологиялық үдерістердің аудиторияға әсері, жаңа медиада дәстүр сабақтастығын сақтай отырып, БАҚ келбетін өзгертуге интеграцияның ықпалы зерделенді. Зерттеу нысанының жұмысына кеңінен талдау жасалып, ұсыныстар келтірілді. Сонымен қатар, БАҚ-тағы конвергенция үдерісінің дамуына сипаттама беріліп, интеграциялық үдерістердің отандық медиа кеңістігіндегі ерекшеліктері зерттелді.  Конвергенцияның ықпалынан пайда болған жаңа форматтағы Телеарнаның мүмкіндіктерін жан-жақты зерттегеннен кейін, оның жұмыс істеу тиімділілігін арттыруға ықпал етер деген оймен, бірнеше ұсыныс айтылды.

Ғылыми-практикалық тұрғыдан алғанда заман талабына сай «Жетісу» телеарнасы конвергенцияның көптеген мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жан-жақты ақпарат таратуды жолға қойған арна.  Ғаламтор кеңістігінде өзіндік аудиториясының қалыптасуы, жаңа медиа құралдарымен тығыз байланыста жұмыс атқарып жатқандығын көрсетеді.

Жұмыстың методолгоиялық әдістері. Конвергенциялық үдеріс тақырыбына теориялық талдау жасалып, түрлі әдебиеттер мен мақалаларды саралап, статистикалық мәліметтерді сұрыптау әдісі қоданылды. Сонымен қатар «Жетісу» құрылымы, төл жобаларының мазмұны мен мақсаты, өзіндік ерекшеліктері, жұмыс істеу процесіндегі жаңашылдық пен дәстүр сабақтастығы жан-жақты зерттеліп, тұжырымдалды.

            Түйін сөздер: Медиаконвергенция, әлеуметтік желілер, Жетісу телеарнасы, рейтингтік бағдарламалар, дәстүрлі медиа, жаңа медиа.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-12-20

Журналдың саны

Бөлім

Ақпарат әлемі