COVID-19 пандемиясы кезеңінде қоғамның сапалы ақпарат алуға сұраныстарын зерттеу, талдау және бағалау

Авторлар

DOI:

10.26577/HJ.2022.v63.i1.01

Аңдатпа

Мақала сандық БАҚ және әлеуметтік медиа мониторингі негізінде инфодемия мәселелерін анықтауға арналған. Бұл зерттеу COVID-19 пандемия кезеңіндегі инфодемияның анықталған көрінісі негізінде қоғамның сапалы ақпарат алуға және ақпараттық-медиа сауаттылықты дамытуға деген қажеттіліктерін анықтауға бағытталған коммуникациялық стратегияны әзірлеуді көздейді. Инфодемия – жалпы әлемдік ауқымдағы және маңызы бар проблема, әсіресе Қазақстанға қауіп төндіреді.

Зерттеудің мақсаты – Қазақстанның медиакоммуникациясы және журналистикасы саласында инфодемияның алдын алу үшін ақпараттық ресурстар құру; COVID-19 пандемиясы кезеңінде қоғамның сапалы хабардар етуге сұраныстарын зерттеу, талдау және бағалау; сандық БАҚ және әлеуметтік медиа мониторингі негізінде инфодемия проблемасын анықтау.

            Жұмыстың ғылыми жаңалығы мен маңыздылығы медиакоммуникация және Қазақстан журналистикасы саласындағы инфодемияның алдын алу үшін ақпараттық ресурстарды құрудың өзекті аспектілерінен тұрады. Инфодемия, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы зерттеулер, негізгі теориялық мәселелер мен гипотезалар, медиа және коммуникация саласында маңызды болып табылатын зерттеу стратегиясы мен тәсілдері егжей-тегжейлі қарастырылады.

            Мақаланы жазу кезінде әлеуметтік зерттеулердің қолданбалы әдістері пайдаланылды. Сандық және сапалық зерттеулер, атап айтқанда, сауалнама, отандық, батыс және Ресей зерттеушілерінің жұмыстарына сараптамалық талдау, жіктеу зерттеудің әдіснамалық негізінде жасалды. Зерттеу нәтижелерінің мемлекеттің саяси жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық процестерді жүзеге асыруда үлкен практикалық маңызы бар.

Мақалада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің AP09562324 ЖТН «Әлеуметтік медиабілім саласындағы инфодемияның алдын алу бойынша ақпараттық ресурстарды әзірлеу» тақырыбы бойынша зерттеу нәтижелері ұсынылған.

Қолдану саласы: медиа және коммуникация, денсаулық сақтау, әлеуметтану және т. б. Жүргізілген зерттеудің құндылығы Қазақстанның медиакеңістігінде инфодемияның алдын алу және ұлттық журналистика мен коммуникациялардың, оның ішінде дағдарыстық коммуникациялардың сапасын күшейту үшін ақпараттық-әдістемелік ресурстар әзірлеу болып табылады.

Практикалық маңыздылығы Қазақстанда коммуникация бойынша құзыретті мамандар мен журналистерді даярлаудың жаңа тәсілдерін әзірлеумен айқындалады.

Түйін сөздер: инфодемия, пандемия, медиакоммуникация, журналистика, алдын алу, COVID-19, ақпараттық-медиа сауаттылық.

Жарияланды

2022-03-30

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА