Әлеуметтік медианың жастар белсенділігіне әсері

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/HJ.2022.v63.i1.06

Аңдатпа

Мақалада жеке тұлғаны тәрбиелеуде әлеуметтік желілерді пайдалану мәселелері және олардың жастардың әлеуметтік белсенділігін өсірудегі ықпалы қарастырылған. Ақпарат алмасудың түрлі формалары мен олардың тиімділігі (ашық немесе жасырын) бағаланады.

Мақаланың мақсаты – ғаламдық ақпарат кеңістігінде миллиардтаған қолданушыларды қамтитын әлеуметтік медианың жастардың азаматтық белсенділігіне әсер-ықпалын зерттеу. Әлеуметтік желілерде пікірлерін жариялау формалары арқылы жастардың нақты қоғамдық істерге қатысу бейімін анықтау.

Зерттеу жұмысының құндылығына әлеуметтік медианың жеке тұлғаның дүниетанымын, өмірлік құндылықтары мен мүдделерін өзгертуге, жаңа бағыттар ұсынуға, көзқарастар мен дағдыларды қалыптастыруға қаншалықты қабілетті екенін анықтауды жатқызамыз.

Зерттеудің эмпирикалық негізін автордың желідегі және өмірдегі жастар белсенділігін салыстырмалы талдауы құрады. Сонымен бірге, қазақстандық саясаткерлердің, қоғам қайраткерлерінің, бизнес және мәдениет өкілдерінің VK, Instagram, Facebook,Youtube және Twitter сияқты әлеуметтік желілердегі аккаунттары сарапталды, олардың жазбаларына мазмұндық талдау жасалды.

Білім алушылар арасында мақала авторы жүргізген сауалнама нәтижесі де зерттеу еңбегінде қолданылды. Маңызды қоғамдық оқиғалардың жастардың белсенділігіне әсер ету дәрежесін анықтауды мақсат еткен эксперименталды сауалнама күтпеген нәтиже берді. Мазмұны мен іске асыру формасы жақсы ойластырылған онлайн үндеулер жастардың шынайы қоғамдық өмірде белсенді болуына көмектесетіні анықталды.

Зерттеудің негізгі нәтижелері келесі заңдылықтарды анықтауға көмектесті: әлеуметтік желілерде өз пікірлерін жария және ашық орналастыратын адамдар қоғамдық акцияларға нақты іс-әрекеттермен қолдау көрсетуге көбірек бейім болады. Керісінше, әлеуметтік пайдалы іс-шараларға анонимді қолдау көрсететін адамдарда нақты әрекеттерге деген бейілділігі төмен болады.

Мақаланың қорытындысында мынандай пайымдаулар жасалды: жастардың әлеуметтік белсенділігі белгілі бір адамға ғана бағытталмай, мемлекет пен қоғам мүддесіне де қызмет етуі тиіс. Жалпы алғанда интернет пен виртуалды қауымдастықтар қоғамдық және жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуде оң рөл атқарады.

Түйінді сөздер: әлеуметтік медиа, слактивизм, желідегі белсенділік, жастар, саясат.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-30

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА