Салалық жуpналистиканы оқыту мәселелеpi

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/HJ.2022.v63.i1.08

Аңдатпа

Мақалада еліміздегі саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық өмірдегі елеулі өзгерістерде БАҚ қызметінің теңдессіз артуы әр саланы жетік білетін мамандарға тікелей қатысты екендігі анықталып, сонымен қатар салалық журналистиканы дамытудың қажеттілігі турасындағы мәселелерге назар аударылды. Салалық журналистика бағыты бойынша медициналық журналистика, экономикалық журналистика, педагогикалық журналистика, психологиялық журналистика, экологиялық журналистика, әскери журналистикамен қатар, сирек айтылып, бүгінде зерттеу нысанына айналып отырған арт-журналистика, саяхат журналистикасының (трэвел-журналистика) БАҚ-ты дамыту бағытындағы маңыздылығы көрсетілді. Осы ретте мамандар даярлауда қажеттілік тудырып отырған салалық бағытты қалыптастырудың өзектілігі баса айтылды.

Зерттеу мақаланың мақсаты – салалық журналистиканы дамыту бағытындағы атқарылып жатқан іс-шаралар мен мамандар даярлаудың сапасына айырықша ден қою, оның заманауи сұраныстарға сай орындалуына ықпал ету керектігі жайлы ойларға назар аудара отырып, салалық журналистиканың маңыздылығын тану мен болашақ журналист мамандардың салалық бағытқа бейімделуіне деген көзқарастарын орнықтыру болды.

Салалық журналистиканың қажеттілігін тануда ғылыми-теориялық қырына да баса назар аударылып, әр саланың ғылыми негіздемелері басшылыққа алынды. Салалық журналистиканы дамыту, оқыту мәселелері бойынша әдістемелік негіздерді танудың маңызды екендігін ескере отырып, жоғары оқу орындарының білім алушыларының көзқарастарын да назарға алу қажеттілігі ескерілді. Оның қорытындысы зерттеу түрі ретінде алынған сауалнама нәтижелері арқылы  нақтыланды.

«Журналистика және репортер ісі» білім беру тобына енетін «журналистика» білім беру бағдарламасында белгілі бір сала бойынша кәсіби мамандарды даярлауды жүзеге асыру қажеттілігі, тиімділігі студенттер арасында жүргізілген сауалнама нәтижелерінен де байқалды.

Негізгі түйіндемелер ретінде жоғары оқу орнында салалық журналистиканы оқытудың қажеттілігі мен маңыздылығы көрсетілді; жоғарғы мектепте оқытудағы «журналистика» білім беру бағдарламасының мазмұнына «салалық журналистика» курсын енгізудің қарқындылығын арттыру қажеттілігі айтылды; салалық бағытта дайындау арқылы болашақ журналист маманның кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етуге болатындығы турасында қорытынды жасалды.

Мақала журналистикада бүгінгі таңда келелі мәселе ретінде көтеріліп отырған «қолданыс аясын кеңейту қажет» деген бағыттағы мамандықтардың дамуына да өз септігін тигізеді деп ойдамыз.

Түйін сөздер: салалық журналистика, ақпарат, кәсіби құзіреттілік, мамандық, БАҚ, сауалнама.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Ақпарат әлемі