Әлеуметтік медианы қолдану және балалар құқығын қорғау мәселелері

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/HJ.2022.v63.i1.09

Аңдатпа

Қазіргі таңда телевизия мен радио сияқты дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарындай жаңа әлеуметтік медиа да күн сайын қарқынды дамып, ықпалды әрі тартымды бола түсуде.

Осы зерттеудің мақсаты балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша алдыңғы шолулардың шеңберін кеңейту болды және бастауыш және орта мектеп оқушыларына баса назар аудару, өйткені зерттеулер көрсеткендей, балалар ұялы телефондар мен әлеуметтік медианы осы кезеңде белсенді қолдана бастайды.

Бұл мақалада қазіргі кезде елімізде өзекті болып отырған интернет кеңістігін құқықтық тұрғыдан реттеу мәселесінің маңыздылығы сипатталады. Оның ішінде ғаламтордың балалар үшін зиянды қауіп-қатерінің күннен-күнге артып келе жатқандығы туралы сөз болады. Бұл сұрақ біздің еліміздің ғана емес, барлық әлемнің құқық қорғаушылары мен БАҚ өкілдерін толғандырып отыр. Мұның себептері де салмақты, біріншіден, бұл ұлттық қауіпсіздік, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғау, екіншіден, сөз бостандығы мен жариялылығы мәселелерімен тығыз байланыста қарастырылатындығында болса керек, бұл зерттеудің құндылығын көрсетеді.

Мақалада тақырыпқа орай статистикалық мәліметтерді және қажетті деректерді жинастыру, оларды талдау, саралау, салыстыру, сонымен қатар инфографиялық әдіс-тәсілдер сияқты зерттеу әдіснамасы қолданылған.

Автор еліміздегі әлеуметтік желілердің балаларға қолжетімділігі және оның ықпалы туралы деректерді алға тарта отырып, бұл бағытта мемлекет пен қоғам тарапынан заңдық реттеу шараларын қолға алу қажеттігін көрсетеді. Мақала авторы осы бағыттағы шетелдік реттеу шараларын жан-жақты талдай келіп, сонымен қатар олардың озық тәжірибелерін сараптайды. Бұны зерттеудің негізгі нәтижелері ретінде қаастыруға болады.

Түйін сөздер: интернет, әлеуметтік медиа, құқықтық реттеу, балалар құқығы, ақпаратты бұғаттау, ақпаратқа қолжетімділік, қауіпсіздік.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Ақпарат әлемі