«Трэш» Қазақстан телеарналары жаңалықтар қызметінде

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/HJ.2022.v63.i1.010

Аңдатпа

Қазақстандық телеарналар қызметіне батыстық телеөндірісте ерекше дамыған үрдістердің енуі – жаңа, трэш бағыттың дамуына ықпал етті. «Трэш» ұғымы бұрын-соңды отандық телеарналарда кездеспеген.

Ғылыми жұмыстың мақсаты – телекеңістікке, соның ішінде ақпараттар қызметіне трэш бағыттың етене енуінің себептерін анықтай отырып, оның қоғамға әсерін пайымдау. Телеарналардағы трэш – Қазақстанда әлі зерттеле қоймаған бағыт. Бұл турасында бірлі-жарым медиасыншылар, продюсерлер тарапынан айтылған пікірлер ғана оқырман назарына ұсынылып жүр.

Идеясы – трэш журналистика мәселелері, оның болашағына бағдар жасалып, шетелдік телеарналар тәжірибесінің озық және біздің тұтынуымызға қажет емес тұстарын нақтылау.

Ғылыми-практикалық мәні – журналистикадағы трэшке аудиторияның өзі ықылас танытып отыр, сол себепті арналар оны ұтымды пайдалануда деген біржақты пікір айтылып жүр. Алайда зерттеушілер трэштің дамуына басқа да факторлардың әсері бар екендігін айтады.

Зерттеу әдіснамасы – ғалымдар тарапынан «интеллектуалдық өндіріс қоқысы» атанған бұл бағытқа бірнеше тараптан талдау жасалады: көрерменнің трэшке қызығушылығының арту себебі, трэш-материалдардың моральдық-этикалық нормаларға сәйкестігі, жалпы қоғамға әсері және телесаланың бұл бағытқа назар аударуының себеп-салдары. Зерттеу барысында Қазақстан телеарналары жаңалықтар тілшілерінің бейнематериалдарындағы трэш-элементтерге талдау жасалып, оның аудиторияға әсері, кері байланыс орнату нәтижелері талқыланады.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, трэш бағытқа басымдық берудің аудитория санасының өзгеруіне, қоғамдық пікір туғызуға ықпалы және жалпы қоғам дамуына әсері анықталды. Сонымен қатар телестильдің бұрмалануы мен көрерменге психологиялық әсерінің күшті екендігі дәлелденді. Трэш бағыт «жаңалық құндылығы» мен «жаңалық мәдениетінің» төмендеуіне әсер етіп жатқандығын көрсетті.

Құндылығы – зерттеу жұмысы аясында Қазақстандық және шетелдік ғалымдар еңбектеріне назар аударылды. Бұл үрдіс шетелдік телеарналардан келгендіктен Батыстық тәжірибеге сүйене отырып, 30-ға жуық отандық және шетелдік бейнематериалдар қаралды. Телевизиядағы кез-келген жаңа үрдіс – уақытша құбылыс, уақыт өте келе оның орнын басқа үрдістер басатынын ескере отырып, кез келген эфирлік шығарманы ұлттық мүдде аясында зерделеу қажеттігі турасындағы ойларымен құнды.

Түйін сөздер: трэш, инфотейнмент, эдьютейнмент, сенсация, стереотип.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Ақпарат әлемі