Сөз бостандығы контекстінде журналистикадағы цензура және автоцензура зерттеулеріне сипаттама

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/HJ.2022.v63.i1.12

Аңдатпа

Демократиялық мемлекетті дамыту үшін қоғамның сөз бостандығы жайлы түсінігі өте маңызды (Çarkoğlu & Andı, 2020). Бейтарап, объективті және шынайы ақпарат беруі тиіс журналистика, әрдайым, барлық қоғамда өз міндетін толықтай атқара алмайды. Бұл сол ел мен қоғамдағы түрлі факторға тәуелді. Аталмыш мәселені түсіну үшін журналистика мектебінің білім алушылары медиадағы сөз бостандығына қатысты терминдерді меңгеруі қажет.

Ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты – медиа және коммуникация саласында осыған дейін цензура және автоцензураға қатысты қандай зерттеулер жасалғанын және олардың негізгі идеясы қандай болғанын анықтау. Сондай-ақ, олардың қазіргі сәттегі өзектілігі мен ақпаратты өндіру процесіндегі маңыздылығы қандай деген сұрақтардың жауабын іздейді. Бұл терминдер осыған дейін посткеңестік елдерге қарағанда батыс әлемінде көп зерттелгендіктен, жұмыста Пол О'Хиггинс, Шамик Сэн және Кук пен Хэйлман сияқты зерттеушілердің жұмысына басымдық беріледі. Сөз бостандығына қатысты отандық материалдар да қарастырылады.

Жұмыстың ғылыми-практикалық маңыздылығы – цензура мен автоцензураның медианың күн тәртібін қалыптастыруда және журналистік қызметті жүзеге асыруда қандай әсері бар екенін түсініп, оны мүмкіндігінше азайту немесе дұрыс қолдану үшін болашақ маманның студент кезінен осы терминдерді ажырата білуінде.

Зерттеудің нәтижесі бойынша, көптеген зерттеушілер цензура – мемлекеттің тарапынан болатын қысым десе, ал автоцензура – журналистің осы қысымға жауабы деп айтады. Ольга Зевелеваның айтуынша, цензура автоцензура жұмыс істемеген сәтте активті болады (Зевелева, 2020), яғни цензура – бұл тиімді жұмыстың нәтижесі ретінде сипатталады. Кейінгі жылдары жазылған батыс әдебиетіндегі зерттеулердің шолу нұсқасымен таныса отыра, болашақ мамандар бұл білімін әрі қарай тақырыпты ғылыми зерттеуге, медиа теорияларын түсінуге және журналистік қызметін атқаруда қолдана алады.  

 Кілт сөздер: цензура, автоцензура, сөз бостандығы, күн тәртібі.

Автор өмірбаяны

  • K. Zh. Mukhangali, әл-Фараби ат. ҚазҰУ

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Ақпарат әлемі