Қазақтілді БАҚ-тағы журналистік зерттеу: тарихы мен тәжірибесі
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/HJ.2022.v64.i2.02Аңдатпа
Шетелдік БАҚ саласында журналистік зерттеу тамырын тереңге жайып үлгергенімен отандық салада әлі де болса ақсап тұр. Егер демократия, сөз бостандығы дамыған елдерге тән дейтін болсақ, онда журналистік зерттеу оның айқын көрінісі болу керек. Шетелдік тәжірибені назарға ала отырып, біз өзімізге сай стандартты қалыптастыруға міндеттіміз. Өйткені аталмыш саланың үлкен саяси салмағы мен әлеуметтік маңызы барын естен шығармағанымыз абзал.
Мақаланың мақсаты – журналистік зерттеудің тарихын, қазіргі қазақтілді БАҚ-тағы журналистік зерттеудің маңыздылығын қарастыру, олардың деңгейін анықтау, қылмыстық істерді әшкерелеудегі журналистік зерттеудің маңыздылығын талдау.
Ғылыми-практикалық мәні – бұл тақырып әлі де болса Қазақстан аумағында зерттеле қоймаған. Ақпараттық қоғам дәуірі күн сайын өзгеріп отыратындықтан жаңа қөзқарас, жаңа пікір мен зерттеулер әрқашан сұранысқа ие, сондықтан да мақалада қазақтілді БАҚ-тағы журналистік зерттеудің ерекшеліктері туралы мәселелер қарастырылды.
Зерттеу әдіснамасы ретінде талдау, талқылау, шолу, дедукция және индукция, болжам әдістері қолданылды.
Күтілетін нәтиже – зерттеу нәтижесі бойынша отандық БАҚ саласындағы журналистік зерттеудің орнын, оның жазылу, дайындалу ерекшелігін жүйелі зерттеп және ұтымды, нәтижелі жұмыс дайындау. Зерттеу арқылы бұл саланың маңыздылығын, құндылығын, өзектілігін арттыру көзделеді.
Зерттеу құндылығы: Бұл мақалада шетелдік ғалымдардың, журналистік теориялық, тәжірибелік еңбектері қарастырылған. Елдің бас газеті саналатын «Егемен Қазақстан» газетіндегі журналистік зерттеулер талданды. Орыс, ағылшын, америкалық ғылымда бұл сала зерттелгенімен, қазақстандық тәжірибе әлі де болса жеткіліксіз. Өйткені, журналистика саласында бұл мәселе енді ғана жүйелі түрде қарастырыла бастады.
Түйін сөздер: журналистік зерттеу, БАҚ, ақпараттық қоғам, репортаж, тақырып, Егемен Қазақстан, гипотеза, стилистика.
