М.К. Аммосов якутиядағы мәдени құрылыс туралы журналистика

Авторлар

DOI:

10.26577/HJ.2022.v64.i2.05

Аңдатпа

2022 жылы Ресей Федерациясының Саха (Якутия) Республикасы екі мерейтойды атап өтеді – Кеңестік Ресей (РКФКР) құрамында Якутия Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының (ЯАКСР) құрылғанына 100 жылдығы мен Якутия мемлекетінің негізін салушылардың бірі, мемлекеттік және қоғамдық-саяси қайраткер Максим Кирович Аммосовтың (1897-1938) туғанына 125 жылдығы. М.К.Аммосовтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі жеткілікті түрде зерттелген. Алайда 1920 жылдары Якутияның қоғамдық және саяси өміріне әсер еткен Аммосовтың публицистикалық еңбектері қызығушылық тудырады.

Ғылыми зерттеудің негізгі идеясы мен бағыттары Кеңес үкіметінің мәдениетті қалыптастыру саясатын ашып көрсету және Аммосовтың рөлін айқындау, оның ғылыми зерттеулер мен мәдениетті дамытудағы ұстанымын және зиялы қауымға көзқарасын талдау.

Мақалада Аммосовтың кеңестік мәдениеттің қалыптасуы мен ғылымның дамуы туралы мақалалары талданады, Кеңес үкіметінің Якутияда жүргізген саясаты туралы көзқарастары қарастырылады. Зерттеудің әдіснамалық негізіне тарихи және объективтілік қағидалары алынған. Ғылыми еңбекте қолданылған тарихи-салыстырмалы және өмірбаяндық әдіс М.К.Аммосовтың мемлекеттік қызметі мен оның публицистикалық мұрасын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында автор М.К.Аммосов мақалаларында сипатталған мәдени құрылыстың мақсаттары мен міндеттері 1920 жылдары Якутиядағы мәдени құрылыстың нәтижелеріне және саяси атмосфераға әсер еткен деген қорытындыға келеді. Жүргізілген зерттеулердің құндылығы саяси қайраткердің мақалаларындағы публицистикалық әдіс-тәсілдерді ашуда және оның зиялы қауымға деген көзқарасына түсініктеме беруде. Жұмыс нәтижелерінің тәжірибелік маңыздылығы М.К.Аммосов пен оның әріптестірінің 1920 жылдардағы Ресей және Якутия тарихын оқытудағы қызметі мен публицистикалық мұрасы туралы тұжырымдарын бұдан ары қарай зерттеулерде пайдалануға бағытталуы ұлттық тарихты терең меңгеруге, тарихи оқиғаларды бағалауда дұрыс көзқарас қалыптастыруға үлес қосары сөзсіз.

Түйін сөздер: М.К. Аммосов, Якутия АКСР, журналистика, мәдени құрылыс.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-21

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА