Б. Омарұлы публицистикасындағы ақпарат беру әдістері

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/HJ.2022.v64.i2.10

Аңдатпа

Ұлттық баспасөздің дамуында өзіндік қолтаңбасы бар Б.Омарұлының журналистік қыры тақырыпты, өзекті мәселені өткір қоя білуімен ерекше. Б.Омарұлы қай мәселені жазса да, тыңғылықты, терең зерттеп барып жазатыны – өз ісіне деген жауапкершілігінің молдығынан. Оның тың идеясы мен өзгелерге ұқсамайтын тұсы – авторлық позициясының айқындығы. Бауыржанның қаламынан туған публицистикалық мақалалары, жанды мен жансызға өзіндік айшық бере отырып суреттеген публицистік эсселері оқырманның қызығып оқитын шығармаларына айналған. Сол себепті қаламының желі бар, ойы ұшқыр журналист Бауыржан Омарұлының шеберлік шеберханасына үңіліп, өзіндік ерекшеліктерін анықтау ұлттық журналистиканың зәру тақырыбы деп білеміз.

Б. Омарұлының публицистикалық шығармаларындағы проблемалық, тақырыптық ерекшеліктерін көрсетіп, көркемдік шеберлігін анықтау, сондай-ақ, оның өзіндік азаматтық көзқарасын таныту ғылыми мақаланың негізгі мақсаты болып табылады.

Б. Омарұлы – таңдаған тақырыпты жан-жақты зерттеп, уақыт салып, қайта зерттеп, толықтырып жазуға машықтанған қаламгер. Бұл оның журналистік зерттеу әдістерін терең меңгергендігін көрсетсе керек. Осы орайда публицистің тақырыпты таңдауы мен тауып қоюы шығармашылық шеберлік тұрғысынан талданды. Оның публицистикалық шығармашылығындағы жанрды (хабарлама, талдамалы, көркем-публицистикалық, эпистолярлық) жете меңгерудегі ізденімпаздығы нақты мақалаларды, очерктерді, сұқбаттарды, журналистік зерттеулерді, эсселерді талдау арқылы айқындалады. Публицист аталған жанрларды терең меңгеріп қана қоймай, оларды түрлендіруде дара қолтаңбасын танытады.

Мақалада Б. Омарұлының «Лениншіл жас» («Жас Алаш»), «Айқын» газеттерінде жарияланған публицистикалық мақалалары жанрлық, тақырыптық, проблемалық, тілдік, стильдік тұрғыдан талданып, қаламгердің дара қолтаңбасын аңғартатын ерекшеліктер сарапталады. Басқа да туындыларындағы өзіндік стилі, даралығы мен ізденімпаздығы зерттеледі.

Б.Омарұлы – ұлттық публицистикада дара қолтаңбасы қалыптасқан қаламгер. Оның даралық келбеті таңдаған тақырыбынан, мәселені тыңғылықты зерттейтін қаламгер мінезінен, ұлттық құндылықтарды қадір тұтуы мен туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігінен, сөз өнеріне деген жоғары талғамынан көрінеді. Б.Омарұлының шығармашылығында табиғат пен адам, адам мен қоғам қатынасы, тұлғалар тағдыры ерекше көрініс тапқан. Бұл – бүгінгі жас журналистер үшін үлкен шеберлік мектебі.

Түйін сөздер: ұлттық журналистика, публицист, баспасөз, очерк, эссе.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-21

Журналдың саны

Бөлім

Ақпарат әлемі