Кәсіпкерлік пен жеке бизнестің қалыптасу жүйесі: БАҚ-та жариялануы

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/HJ.2022.v64.i2.012

Аңдатпа

Бұл ғылыми зерттеуде кәсіпкерлік пен жеке бизнестің даму арнасы мен ақпараттандыру жолының БАҚ-та жариялануы туралы қорытынды әдістемелері жүргізілген. Журналистика мамандығы бойынша оқыту бағдарламасында жарнама арқылы бизнес саласын дамыту мәселесі қарастырылады. Яғни, кәсіпкерлікке тек менеджменттік немесе экономикалық жүйені ғана емес, сонымен қатар ақпараттың қажеттілігі орасан зор. Журналистік білім беруде оқу бағдарламалары кәсіби тәжірибені ескере отырып оқытуды ұсынуы керек және студенттер тек өз саласын ғана емес сонымен қатар, кәсіпкерлік бағытты дамыту бөлігін де қарастыра алуы керек. Студент белгілі бір тауарды ақпараттандыра отырып, оның нарықта қол жетімді де, сұранысқа ие бола алатындай жоғары нәтижеге жеткізе алуы керек. Әрине, осының барлығына зерттелген тақырып бойынша тек тәжірибелі ғылыми бағытта оқытылып, білім саласын жоғарлата алады.

Ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты – кәсіпкерлік пен жеке бизнестің БАҚ арасындағы байланыстың орнығуы. Кәсіпкерлік біздің елімізде әкімшілік жүйе жағдайында экономикалық қатынастар жүйесі ретінде қарастырылған.

Бұл ғылыми әдістеме ретінде осы тақырыпқа байланысты жазылған мақалаларға талдау жасай отырып, «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» заңнамасы бойынша зерттеулер жүргізіліп, журналистердің арасындағы талқыға салынған тақырыптық талдау жүргізілген.

Зерттеу барысында анықталғаны әрбір кәсіпкерлік пен бизнестің ақпараттандыру жағдайының экономикалық бағытқа оңтайлы нәтиже беретіндігі.

Ғылыми зерттеудің нәтижесі бойынша қазіргі жағдайда ғалымдар кәсіпкерді жаңа идеяларды енгізудегі жаңа мүмкіндіктерді іздеу және іске асыру, жаңа технологияларды әзірлеу, инновацияларды енгізу, тұтынушыларға қызмет көрсетудің жаңа тәсілдерін қолдану және капиталды қолданудың жаңа салаларын дамыту субъектісі ретінде анықтайды. Еліміздің нарықтық экономикада ертең тұтынушыларға қандай тауарлар мен қызметтер қажет болатынын кәсіпкер шеше отырып, сол тауарға қатысты ақпараттың дұрыс жеткізілуі жайында айтылған.

Түйін сөздер: кәсіпкерлік, жеке бизнес, экономика, БАҚ, инновация, ғалымдар, жарнама.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-21

Журналдың саны

Бөлім

Ақпарат әлемі