Ақпарат агенттіктері қызметіндегі этикалық қағидалар мен заңдылық ережелері

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/HJ.2022.v65.i3.01

Аңдатпа

Ақпарат агенттіктерінің жұмыс тәжірибесі мен этикалық нормалары әлі де болса бір жүйеге түсіп, нақты зерттеліп, зерделенбей  келеді. Уақыт талабына сай тыңғылықты зерттеу жүргізу, этикалық бағыттағы қағидаларына назар аудару ғылыми қажеттілік. Ақпарат агенттіктеріндегі құқықтық нормалар мен этикалық ережелердің көрінісін айқындау қазақ журналистикасындағы зәру тақырыптардың бірі.

Ақпарат агенттіктердегі журналист этикасының кейбір мәселелерін ғылыми тұрғыда зерделеп, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатындағы түрлі кодекстерді талдап, ақпарат көздеріне жан-жақты  зерттеу жүргізу – ғылыми мақаланың негізгі мақсаты.

Ғылыми мақалада әр түрлі ақпарат агенттіктерінің қазіргі қызметі мен қағидалары нақты мысалдар негізінде сипатталды. Қазақстандағы аудиторияның ақпарат агенттіктері хабарламаларын тұтыну ерекшеліктері, қызметіне деген көзқарасы сарапталды. Ақпарат агенттіктері қызметіндегі этикалық кодекстер рөлі мен дереккөздермен сауатты жұмыстың маңыздылығы айқындалды. 

Мақала барысында ақпарат агенттіктерінің әдеп нормалары, журналистік шығармашылық құқығы мен міндеті қарастырылып, ауқымды зерттеу жүргізілді. Статистикалық мәліметтер аясында сауалнама жүргізіліп, ЮНЕСКО көлемінде қабылданған журналистік құқықтық нормативтік актілер мен құжаттарға сараптама жасалды. Олардың журналист қызметін жақсартудағы, сапалы контент жасаудағы маңызды сипаты бағамдалды.

Қазақ ақпарат агенттігінің заң аясындағы жазбаларының тақырыптық, мазмұндық сипаты, журналистердің заңдық қолтаңбалары фактілер арқылы сарапқа салынады.  Қазақстандық ақпараттық ресурстардың шетелдік редакциялардың қағидаларымен ұқсастықтар мен айырмашылықтарын зерттеуде білікті ғалымдар пікірі, еңбектері негізге алынды. Этикалық кодекстердің тиімділігіне қатысты сыни пікірлерді қарастыру барысында бірнеше теоретик ғалымдар еңбегіне сүйеніп, ұтымты талдау, сауатты тұжырым, нәтижелі ой айтылды.

Мақалада «Қазақпарат» агенттігінен бөлек, «Интерфакс», «AFP», «The Associated Press» т.б. агенттіктер жұмысы сарапталып, тәжірибелік ерекшеліктері айқындалды. Агенттік журналисіне ақпарат көздерімен дұрыс қарым-қатынас құра білу, сақтай білу аса маңыздылығын ескере отырып, ғылыми мақалада дерек-дәйек, пайымды, тұщымды ой қамтылды.

Түйін сөздер: ақпарат агенттіктері, этикалық кодекстер, этикалық қағидалар, ақпарат көздері.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА