Патшалық Ресей журналистикасындағы қазақ халқы туралы тарихи деректерді жаңаша талдау

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/HJ.2022.v65.i3.04

Аңдатпа

Ғылыми әдебиеттерде «Патшалық Ресей үкіметі Орталық Азия және Түркістан өлкесі, оның ішінде қазақ даласында қатаң отарлық саясат жүргізді ме?» деген мәселенің қызу пікірталас тақырыбына айналғанына бір ғасырдан астам уақыт өтті.

Кейінгі онжылдықта патшалық Ресейдің Орталық Азия аймағында, оның ішінде Түркістан өлкесінде жүргізген отаршылдық саясаты тақырыбында көптеген мақалалар жарық көрді. Атап айтқанда, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Жапония, Италия, АҚШ, Франция, Германия, Ұлыбритания ғалымдары бірлесе ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Батыс Еуропа және АҚШ ғалымдары Ресей патшалық билігі өзі жаулап алған аймақтарды экономикалық жағынан ғана емес, рухани-ағарту тұрғысынан да барынша басып-жаншып, отаршылдық әрекеттердің ең қатаң әдіс-тәсілдерін қолданды деп есептейді.

Мақаланың мақсаты – ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде жарық көріп тұрған орыс газет-журналдарындағы мақалалар мен очерктердегі тарихи деректер негізінде патшалық Ресей үкіметінің Орталық Азия елдерінде және Түркістан өлкесінде, оның ішінде қазақ даласында жүргізген қатаң отарлық саясатына ғылыми баға беру.

Негізгі бағыттары мен идеялары – отаршылдық саясатты ақтағысы келетін кейбір зерттеушілердің «патша билігі қанаушы үкімет емес еді; мұндағы саясат шыдамдылықпен ерекшеленді, бірінші кезекте экономикалық қанау емес (аймақтар империяға кіріс әкелмеді), стратегиялық міндеттер тұрды; өйткені Ресейдің өзі Батысқа тәуелді болды; империя орыстық санаға емес, таптық ұстанымға негізделді, орыстар мен орыс еместер арасындағы алауыздық айтарлықтай болмады, Ресей жергілікті халықты өз қатарына қосуға тырысты» деген тұжырымдарын ғылыми негізде теріске шығару.

Зерттеу әдістемесі – тарихи газет-журналдардағы мақалалар мен очерктердегі деректер мен мәліметтерді салыстыра отырып, сыни талдау жасау, оларға ұлттық көзқарас тұрғысынан баға беру. 

Негізгі нәтижелер, талдау және тұжырымдама – біз патшалық Ресей тұсында, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде жарық көріп тұрған газет-журналдардағы мақалалар мен очерктердегі тарихи деректер негізінде қазақ даласын, оның ішінде Түркістан өлкесін отарлау саясатының қалай жүргізілгенін қырық жылдан бері зерттеп келе жатырмыз. Өзіміз жинақтаған тарихи журналистика тұрғысындағы деректер мен мәліметтер негізінде бұрын жарияланбаған ғылыми нәтижелерді ұсынып отырмыз.

Зерттеудің құндылығы – патшалық Ресей билігі шығарып тұрған отаршыл бағыттағы баспасөзге Қазақстанның қазіргі ұлттық идеясы тұрғысынан баға берілді.

Түйін сөздер: тарихи журналистика, патша үкіметінің газет-журналдары, баспасөздің отаршылдық сипаты, «Түркістан жинағы», қазақ даласын отарлау саясаты.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА