Факті генотипі, табиғаты және жетілу үдерісі

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/HJ.2022.v66.i4.01

Аңдатпа

Заманалы журналистика форматына технологиялық сонылықтар өз пайымын ентелей енгізе бастады. Жаңа ұғымдар мен әдістер дүниеге келді. Масс медианың табиғаты өзгерді, ақпараттық кеңістікте синтездік, санфункционалдық бітім жүйелі үлгі-өнеге көрсетуде. Журналистер қауымы енді жаратылыс дүниесіне, әлеуметтік ортаға плюралистік ғылыми таным биігінен қарау ұйғарымына көшті. Классикалық журналистикадағы дүниетаным қағидаты қатарына едәуір өзгерістер енгізілді. ХХІ ғасыр журналистикасының нақты ғылыми пәндермен одақтасуы осы шарттардан бастау алуда. Журналистикатанудағы жаңа көзқарас тек бүгінгі күн болмыс-бітімімен тұйықталамайтыны, оның тарихи сілемі сайрап жатқаны да аңғарылады. Факті, оқиға, құбылыс туындауына қатысты ертедегі ойшылдар мен қазіргі оқымыстылар идеяларының сабақтастығы осы ретте зәрулене түсуде. Ғылыми мақаланың негізгі бағыты мен идеясы, ғылыми журналистиканың өзіндік азығы –  факт категориясының болмыс-бітімін, түп-тұқиянын зерделеу, оның дүние есігін ашу шарттарына көз жіберу. Бір сөзбен айтқанда, факті эволюциясының көрнекі тізбектерін атап көрсету, заманалы журналистиканың ғылыми-танымдық мүмкіндіктерін нақты ғылыми пәндер теориясымен сабақтастыра межелеу. 

Зерттеу жұмысының ғылыми және практикалық мән-маңызы: авторлар факт органикасы  кезеңдік ақпарат қалыптастырудың бастапқы элементі ретінде дүниеге келетініне көз жібереді. Планетарлық тарихи сабақтастық өнегесіне, ертедегі ойшылдар мен релятивистік емес физика, заманалы кванттых механика, генетикалық биология постулаттарына және жалпы парасат туралы концептке арқа сүйей отырып, олар нақты технологиялық өнімге, реалды гуманитарлық журналистік мәтінге трансляцияланатын микробөлшектердің жүрер жолы ортақ екендігіне жөн сілтейді.

Тақырыпты мейлінше аша түсу мақсатында жоғарыда баяндалған нысан табиғатына, пән үдерісіне сай келер – жалпы ғылыми түсіндірме (комментарий), салыстырма сараптама, сипаттама және эмпирикалық (мета-талдау) әдістері іске жаратылды.

Зерттеу барысында табиғи және жасанды ақпарат хақында жаңа тұжырым жасалды, материя нысандарының құрылымы факті өрісімен тұтастандырылды, ғаламдық коммуникативтік сананың, масс медианың заманалы жүйесінің өзіміздік сызбалары дүниеге келді.

Аталмыш ізденістің арқасында журналистиканың ғылым ретіндегі ұғымы толысып, әлеуеті артып, көкжиегі кеңейе түседі, кешенді тың зерттеу бағыттарына жол ашылады.

Ғылыми журналистика, талдамалы журналистика, мультимедиалық журналистика салаларына жаңа теориялық тұжырымдар енгізіледі, журналистикадағы фактітану бағытына арналған зерттеулер жүргізіледі, арнаулы оқу құралдары жазылады.

Кілт сөздер: факт, геном, квант, мегаәлем, макроәлем, микроәлем, уақыт қайтымы.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-15

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА