Қазақ журналистикасындағы factcheck.kz және stopfake.kz жобаларының тиімділігі мен ерекшеліктері
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/HJ.2023.v67.i1.03Аңдатпа
Мақала бүгінгі қазақ журналистикасындағы factcheck.kz және stopfake.kz жобаларының жұмысы мен өзіндік ерекшеліктерін салыстыра бағамдауға арналып отыр.
Кез-келген мәдени-ғылыми ақпараттың немесе шағын жаңалықтың рас, жалған екендігін фактчекинг арқылы анықтайды. Фактчекинг форматында жұмыс жасайтын алғашқы ресурстар өзге шет елдерде уақыт жағынан біршама алға шықты. Әрі басқа да елдерде фактчекинг ресурстардың өз ерекшеліктері мен бағыттары, сарапшылардың көзқарастары түрліше көрініс береді. Жалған ақпараттармен күрес, оның қауіптілігі жағдайында Қазақстан және әлем елдері бұл мәселеге қалай тойтарыс беріп отырғандығы бүгінгі қоғамдық ортада өзекті.
Зерттеу мақаланың мақсаты – ақпараттар ағымының қарқындылығы мен цифрлы технологиялардың ықпалында өте ауқымды жылдамдықта беріліп жатқан ақпараттарды тексерудің, сол арқылы заманауи әлемдік медиа ортадағы жалған дерекпен күресудің негізгі тетігі фактчекинг ресурстардың тиімділігі мен ерекшелігін көрсетуге бағытталды.
Мақаланы жазу барысында фактчекинг жұмыстарына тaлдaу жасалынып, оның тарихы мен даму ерекшеліктеріне cұpыптaу жасалынды. Шетелдердегі деректерді тексерудің әдістеріне салыстырмалы талдау жұмыстары жүргізілді.
Жалған ақпараттардың өмірімізге дендеп енгені соншалық, ақпараттың жалған, шындығын ажырату қиынға соқты, осы тұста медиасауаттылықты арттыру шараларының ғылыми негіздемелері басшылыққа алынуы негізгі бағыттардың бірі. Қоғамдық пікірді қалыптастырушы журналист үшін шынайы ақпарат таратуда фактчекингтің басты құрал ретінде пайдаланылуының практикалық маңызы зор.
Адамдар шын ақпарат пен жалған ақпаратты ажырата алмаған жағдайда түрлі жағдайдағы түсінбеушіліктер орын алуы мүмкін, сондықтан factcheck.kz және stopfake.kz жобаларының қажеттілігі мен маңыздылығын ерекше түйіндеп айтуға болады. Factcheck.kz пен stopfake.kz/kk/ жобаларының ақпаратты саралай білудегі тиімділігі мен қолданысын бағамдау арқылы осы бағыттағы іргелі ғылыми зерттеулерге жол ашылады.
Түйін сөздер: журналистика, factcheck.kz, stopfake.kz, жоба, фактчекинг, жалған ақпарат, шет ел, тиімдігі.
