Travel журналистика: қазіргі медиа кеңістіктегі феномені ретінде
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/HJ.2023.v67.i1.08Аңдатпа
Мақала Travel журналистиканың өзектілігі мен оның қажеттіліктері мәселесіне арналған. Зерттеудің өзектілігі баспасөз құралдарындағы ақпараттық қызметтен бөлек оның ағартушылық мақсатта бар екендігін көрсетеді. Осы арқылы медиада қоғамның саяхат арқылы танымы мен түсінігін барынша кеңейтіп қана қоймай, оның өзіндік тәрбие құралы екендігін көрсетеді. Тек ақпараттық бағытта ұстанса да, оның өзіндік ерекшеліктері арқылы топтасыру қалыптастырады.
Зерттеудің мақсаты – саяхатты журналистиканың дамуы мен оның ғаламторда өзгерісінің бар екендігін зерттеп зерделеу. Осылайша, мақалада тек саяхатты журналистиканың өткені мен бүгінін байланыстыру арқылы таныстырылады. Travel журналистика мәселелері тек қазақстандық ғалымдардың ғана емес, алыс-жақын зерттеушілердің зерттеу жұмыстары талданады.
Зерттеудің әдіснамасы ретінде Travel журналистикасын зерттеген Дж. Балдуин (J. Baldwin), Б. Кокинг (B. Cocking), Е. Фюрсич (E.Fürsich), Н.С. Гегелова секілді теоретиктер мен практикатердің еңбектері және саяхат журналистикасын насихаттауды зерттеуші ғалымдардан Г. Кубатьян, С. Миллер (C. Miller) және В.Пиролли (B. Pirolli) еңбектерін қарастыра отырып, саяхат журналитсикасының артықшылықтары туралы хабардар болып, саяхаттаудың негізгі бағыттары визуалды түрде хабарланса, оқырман тарапынан едәуір қызығушылықтарының мол болатындығын аңғартты.
Зерттеудің ғылыми идеясы – салалық журналистиканың белгілі салаларын жекелей қарастыру ғана емес, сонымен қатар қоғам бейнесін толық ашатындығын көрсетеді. Осы арқылы салалық журналистикадағы негізгі теорияларының тұрақталуына, медиада оның дамуы мен журналистикалық жанрларын жекелей қарастыруға барынша мүмкіндік беру керек.
Травел журналистикасына әлемдік тәжірибені ұлттық мәдениетке негізделе отырып берілу керек. Себебі, медиа белгілі дәрежеде тәрбиелеу құралы. Әрі осы арқылы тек өзімізді әлемді тануға себепкер болады. Бұл травел контентті тек сол саланың өкілдері ғана емес, кез келген оқырман тарапынан сұранысқа ие екендігін ескерсек, осы арқылы Қазақстанда травел журналистикасының тұрақты дамуына көмектеседі.
Кілт сөздер: трэвел-журналистика, трэвел-бағдарламалар, ғылыми-көпшілік теледидар, трэвел-шоу, инфотейнмент
