Киберқауіпсіздік және балалардың құқығын қорғау

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/HJ.2023.v68.i2.01

Аңдатпа

Қазіргі таңда технология мен интернеттің дамуы қауіпсіздіктің дәстүрлі қағидаларын өзгертіп, бұл мәселеге жаңаша көзқараста қарап, нақты кешенді шаралар қабылдау керектігін алға тартып отыр. Бұл бағыттағы ең өзекті мәселе балалардың құқығын қорғауға тікелей байланысты, яғни нақтырақ айтсақ жас ұрпақты интернетке тәуелділіктен арылту және киберкеңістіктен келетін қауіп-қатерден оларды қорғаудың заңдық тетіктерін іске қосу.

Осы зерттеудің мақсаты - киберкеңістіктегі балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жан-жақты зерттеу жүргізу және мектеп оқушыларына, оның ішінде жасөспірімдерге баса назар аудару, өйткені статистикалық мәліметтер көрсеткендей, балалар ұялы телефондар мен әлеуметтік медианы осы кезеңде белсенді қолдана бастайды.

Бұл мақалада қазіргі кезде елімізде өзекті болып отырған интернет кеңістігін құқықтық тұрғыдан реттеу мәселесінің маңыздылығы сипатталады. Оның ішінде ғаламтордың балалар үшін зиянды қауіп-қатерінің күннен-күнге артып келе жатқандығы туралы сөз болады. Бұл сұрақ біздің еліміздің ғана емес, барлық әлемнің құқық қорғаушылары мен БАҚ өкілдерін толғандырып отыр. Мұның себептері де салмақты, біріншіден, бұл ақпараттық қорғаныс және жас ұрпақтың қауіпсіздігі, екіншіден, оқушылардың құқықтарын қорғау мәселелерімен тығыз байланыста қарастырылады. Бұл зерттеудің құндылығын танытады.

Мақалада тақырыпқа орай статистикалық мәліметтерді және қажетті деректерді жинастыру, оларды талдау, саралау, салыстыру, сонымен қатар инфографиялық әдіс-тәсілдер сияқты зерттеу әдіснамасы қолданылған.

Автор еліміздегі балалардың киберқауіпсіздігі және олардың құқықтық сауаттылығы мәселесін алға тарта отырып, бұл бағытта мемлекет пен қоғам тарапынан заңдық реттеу шараларын қолға алу қажеттігін көрсетеді. Мақала авторы осы бағыттағы шетелдік реттеу шараларын жан-жақты талдай келіп, сонымен қатар олардың озық тәжірибелерін сараптайды. Бұны зерттеудің негізгі нәтижелері ретінде қарастыруға болады.

Түйін сөздер: киберқауіпсіздік, әлеуметтік медиа, құқықтық реттеу, балалар құқығы, құқықтық сауаттылық, кибербуллинг.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-05

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА