Тележурналистикадағы сторителлинг: көрермен назарын аудару тәсілі

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/HJ.2023.v68.i2.05

Аңдатпа

Сторителлинг – бейнешығармашылықтағы танымал бағыттардың бірі. Оны бұқаралық ақпарат құралдарының барлығы ұтымды қолданып жүр. Десек те соңғы уақытта бейнеплатформаларға деген қызығушылықтың артуы бейнесторителлинг контенттің көбеюіне әкелді.

Ғылыми жұмыстың мақсаты мен идеясы: Қазақстан телеарналарындағы сторителлинг форматтағы жобалардың орны, аудитория сұранысы мен ондағы шығармашылық ізденісті көрсету. Бейнесторителлингті жасау күрделі үрдіс. Ал оған көрерменді тарту одан да қиын. Міне, осы тұрғыда Қазақстандық телеарналар өнімдерін саралау.

Отандық телеарналардағы сторителлинг бағыты туралы ғылыми еңбектер өте аз. Бұл турасында бірлі-жарым медиамамандар мен медиасыншылар тарапынан айтылған пікірлер болмаса, ауқымды ғылыми жұмысты кездестіру қиын.

Зерттеу жұмысының ғылыми-практикалық маңыздылығы – телесторителлингке аудитория ықыласы ерекше болғанымен оны қолданудың өзіндік талаптары бар. Жаңалықтар қызметі сторителлингті ақпарат жеткізудің әдісі ретінде, ал публицистикалық өнімдер пішін ретінде қолданады. Журналистикада бұл қалай іске асса да кәсіби деңгей керектігін көрсетіп отыр. Осы ретте материал мамандар үшін теориялық ақпаратпен бірге, оның тәжірибелік тұсын да ашып көрсетеді. Бұл өз кезегінде кәсіби өнім дайындауға бағдар береді.

Зерттеу әдіснамасы – ғалымдар тарапынан «қызықты әңгімелеу техникасы», «өнімді өткізудің тиімді әдісі» деп танылған бағытқа бірнеше тараптан талдау жасалады: сторителлинг - ақпарат тарату технологиясы, сторителлинг – өнер, көрермендермен эмоционалды байланыс орнату тәсілі және телесаланың бұл бағытқа назар аударуының себептері. Зерттеу барысында Қазақстан телеарналары жаңалықтар қызметінің бейнематериалдары және публицистикалық телеөнімдерге талдау жасалып, оның аудиторияға әсері мен нәтижелілігі талқыланады.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, кейіпкер оқиғасы арқылы берілетін телематериалдардың  эмоциялық күші басым, соның нәтижесінде аудитория эмпатиясын туғызады. Осындай әсерлерді өтімді жеткізу үшін жобаның драматургиясы ерекше болуы керек. Ал телевизияда осы аталған элементтерін әсерін еселеу үшін визуалды қатар көркемдігі басымдық танытады. 

Құндылығы – зерттеу жұмысы аясында Қазақстандық және шетелдік ғалымдар еңбектеріне назар аударылды. Сторителлинг масс медиада бұрыннан бар тәсіл. Бірақ соңғы уақытта желідегі стористерге деген қызғушылықтың артуы мұндай жобаларға басымдық беруге әкелді. Зерттеу аясында 20-ға жуық бейнеөнім қаралды. Телесторителлингтің ерекше қолданысқа енуі телепублицистиканың дамуы мен осы бағыттағы журналистік ізденістің артқандығын байқатады.

Түйін сөздер: сторителлинг, динамика, публицистика, эмпатия, эмоция.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-05

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА