Патшалық Ресей мен кеңестік билік кезеңдерінде ұлттық иденфикация мәселелерінің Қазақстан баспасөзінде көрініс табуы

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/HJ.2023.v68.i2.09

Аңдатпа

Бұл материалда патшалық Ресей мен кеңестік билік кезеңдеріндегі ұлттық идентификация және ұлттық бірегейлік проблемаларының Қазақстан басылымдарында көрініс табуы жайында сөз болады. Автор мақаласында қозғалып отырған күрделі мәселелердің ұлттық маңызын әлемдік тәжірибе контексінде пайымдаудан өткізуге ұмтылыс жасайды.

  Мақалада қамтылып отырған кезеңдерде қазақ халқы аса ауыр трагедияларды бастан кешірді. Айталық, XVIIІ-XIX ғасырларда патшалық Ресей қазақ жерінде отарлау саясатын жүргізді. Мақалада кеңестік биліктің жер мәселесінде патшалық Ресей саясатын жалғастырғаны нақтыланады.

  Кезінде кеңестік тарихи оқулықтар мен әдебиет, өнерде шындық айтылмады. Кеңестік идеология ықпалындағы қазақ журналистикасы да дәрменсіздік танытты.

  Тәуелсіздік талаптары ұлттық идентификация мен ұлттық бірегейлік проблемаларының ұлт журналистикасында көрініс табуын шындық тұрғысында бағалаудың қажеттілігін туындатты.

  Автордың алға қойған мақсаты – қазақ журналистикасының дамуы мен қалыптасуындағы рөлі мен орнын айқындап, республикалық басылымдарда ұлттық мүдде мәселелерінің жазылу принциптері мен әдіс-тәсілдерін, формаларын ашып көрсету.

  Мақаланың ғылыми-зерттеу идеясы республика баспасөзінде ұлттық идентификация мен ұлттық бірегейлік проблемалары мәселелерін кешенді түрде қозғауға қадам жасауда. Бұл мақаланың ғылыми жаңалығын айқындайды.

  Еңбектің ғылыми негізделген қорытындылары қазақ халқының Ресей империясы мен кеңестік билік кезеңдерінде сана-сезімінің қалыптасуы мен дамуының ұлттық идентификация мен ұлттық бірегейлікке ұмтылысының шеңберінде баспасөз беттерінде жарияланған материалдарды ой елегінен өткізу барысында нақтыланған.

  Мақалада генезистік және типологиялық талдау, тарихи деректерді салыстыра зерттеу әдістемесі қолданылды.

Мақала материалдарын журналистика, саясаттану және өзге де қоғамдық пәндер бойынша жалпы және арнаулы курстарды дайындауда пайдалануға болады.  

  Бұл мақала Қазақстан журналистикасының теориясы мен тәжірибесі бағытындағы зерттеулердің құрамдас бөлігі болып табылады және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми-зерттеулер жоспарына енгізілген.

  Әлемдік Academic Premium орталығының мәліметі бойынша мақала авторының ғылыми-зерттеу еңбектеріне  170-тен астам ғылыми еңбектерде сілтеме жасалған. Интернет пен академиялық орталарда, мақаларда, кітаптарда, тезистерде, қолжазбалар мен оқу бағдарламаларында автордың зерттеулеріне назар аударылған. Әлемдегі бірқатар университеттердің ғалымдары мақала авторының еңбектеріне оң баға берген.

  Кілт сөздер: ұлт қасіреті, патшалық Ресей, жер трагедиясы, кеңестік билік, сталинизм, коммунистік идеология, желтоқсан трагедиясы.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-05

Журналдың саны

Бөлім

Ақпарат әлемі