Қазақстан массмедиасы және дата журналистиканың өзекті мәселелері

Авторлар

  • M. B. Shindaliyeva әл-Фараби ат. ҚазҰУ

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/HJ.2023.v68.i2.11

Аңдатпа

Мақаланы жазудағы мақсат қазақстандық массмедиадағы деректер базасын мен шетелде өріс алған open dataның мәні мен маңызын айқындап, салыстырмалы талдау жасау. Отандық және шетелдік массмедиадағы ақпарат ағынымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдеріне барынша терең тоқталып, сол ақпараттарды іздеу мен журналистика тілімен жеткізу амалдарын нақты мысалдармен талдауды мақсат еттік. Бүгінгі таңда даталарды қоғамға жеткізудің жаңа жолдарын қарастыру қалай жүзеге асырылып жатқаны да зерделенеді.

Бұл зерттеуде қазақстандық дата журналистиканың даму қарқыны, нақты бұқаралық коммуникация құралдарындағы көрінісі нақты мысалдармен сараланады. Қазақстандағы жаңа медиа алаңында дата журналистика трендке айналып қана қоймай, ақпараттық құндылыққа зәру қоғамның қажеттілігін өтеп отырғаны дәлелденеді. Кейде өте маңызды, өзекті деректер ақпараттық кеңістікте жұртқа мәлім болмай қалатын жағдайлар орын алуда. Сол себепті бұл зерттеуде қазіргі қазақстандық журналистикадағы ақпарат таратудың ерекшеліктері талданып, оның ішінде жаңа медиатренд дата журналистиканың ақпарат дәуірінде алатын орны, ерекшелігі анықталуы мақаланың ғылыми және тәжірибиелік маңызын көрсетеді.

Зерттеуді жазу барысында жалпы осы тақырыптағы мағлұматтарды жинап қана қоймай, қазақстандық және шетелдік БАҚ-тағы дата журналистиканың дамуын салыстырмалы талдау жасай отырып, жүйелі сипаттап, теориялық әдіс ішіндегі маңыздысы сараптау, салыстыру, талдау әдістерін қолдандық.

Мақаланың негізгі қорытындысында Қазақстандағы дата журналистиканың бағыты, ашық деректер саясатының рөлі, әлеуметтік желілердегі ақпарат сапасы мен оның өңделуі, бүгінгі таңда бұқараның қандай ақпараттарға сенім деңгейі жоғары не төмен, дәлелді деректердің дұрыстығын қалай тексеріп жүрміз деген сауалдарға жауап бердік. Жалған ақпаратпен күрестің өзі дата журналистика жүзеге асыратыны және кең көлемдегі ақпараттарды жинап, сараптап, әлеуметтік желілер мен массмедиа арқылы көпшілікке жеткізуде қазақстандық массмедиа өкілдерінің рөлі қандай деген сауалға жауап беру арқылы журналистика мамандағында оқып жатқан студенттерге тәжірибе жинақтауға көмектеседі.

Мақалада шетелдік және қазақстандық ақпарат кеңістігіндегі дата журналистиканың орны мен рөлі, оның түрлі медиа платформаларда, әлеуметтік желілер мен ғаламторлық БАҚ-та таралуы мен қоғамға тігізетін әсері терең зерттелуі еңбектің құндылығын көрсетеді.

Түйін сөздер: дата журналистика, массмедиа, инфографика, новые медиа, инновация, цифр, интернет.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-05

Журналдың саны

Бөлім

Ақпарат әлемі